БҰҰ Бас Ассамблеясы Қырым милитаризациясы туралы Киев қарарын қабылдады

0

Қарарда орыс әскерінің Ресей аннексиялаған Қырымда болуы Украинаның ұлттық дербестігіне, саяси тәуелсіздігіне және территориялық тұтастығына нұқсан келтіретіндігі айтылған.

БҰҰ Бас Ассамблеясы Ресейдің Қырымды милитаризациялап жатқанына алаңдаушылық білдірді. Ресей Қырымға ядролық ұшу аппаратын, зымырандарын, қару-жарақтары мен әскер құрамын орналастырған делінген құжатта. Бұған қоса қарарда Керчь бұғазы арқылы көпір салынуы айыпталған.

25 қарашада Ресей шекарашылары аннексияланған Қырым жағалауларында Украина теңіз күштерінің үш кемесін атқылап, басып алды. Кемелердің бортындағы 24 украин теңізшісі тұтқынға алынды. Батыс елдері теңізшілерді босатуын Ресейден талап етті.

Ресей 2014 жылы Қырымды аннексиялады. Украина, ЕО елдері және АҚШ бұны украин аумағын оккупациялау деп атады.

Abai.kz

Дереккөз: https://abai.kz/