Белсенді мұғалімдер күн санап көбеюде
2015 жылдан бері белсенді мұғалімдермен араласып, таныс болдым. Санаулы ғана 5-6 мұғалім белсенділік танытып, мұғалім құқығын қорғап жүрді. Ол кездегі күрестер өте ауыр жүрді. Қауіпті кезең. Қылышынан қан тамғандар басқарып тұрған кез.
Күнде полицияда тергеу. Жұмысымызға , өзімізге қауіп төніп , қиын жағдайларды басымыздан өткіздік.Ол кезде министрмен кездесу былай тұрсын, хат жазсақ жауап ала алмайтынбыз.
Сағадиев пен Сәрінжіповті түсімде көретінмін. Алғашқы хатқа республика бойынша 37 мұғалім ғана қол қойыпты. Оның бәрі мектеп мұғалімдері емес. ЖОО мұғалімдері мен зейнеткер мұғалімдер, белсенді мұғалімдерді қосқанда. ))))) Мұғалімдер хатқа қол қоюға қорқатын. ))))
Тоқаев келді де министр Askhat Aimagambetov келді.Ашынғаннан ащы дауысын шығарып жүрген ,қан мен тердің арасында толарсақтан саз кешкен бес-алты белсенді мұғалімді шақырып кездесіп, жиналып қалған, ешкім естімеген мұңын тыңдады.
Әрине, тыңдар құлақ табылғанына қуандық. Кеше Өмір Шыныбекұлы ның жазбасын оқыдым. Белсенділер туралы.Басы 5-6 мұғалімнен басталған «белсенді мұғалімдердің » тобы көбейіпті қазір.
Әрине көбейгені құптарлық жағдай.Бірақ, қиын шақта, қылышынан қан тамғандардың заманында, 5 жыл бойы хатқа қол қоятын мұғалім таппайтын едік. ))))) Қазіргі қауіпсіз кезде көбейген «белсенді» мұғалімдер бұрын қайда жүрген екен?
Журналистерге сұқбат беретін мұғалім болмайтын. Таппайтынбыз.Қазір «белсенді мұғалім » көп.Ұстараның жүзінде жүріп,халықтың қамын жеп жүріп, белсенді болмайды екен қазіргілер. Белсенді болу үшін, бірінші министрге кездесуге барады. Министрге кездесуге барса болды, ол «белсенді мұғалім». Жеке басы үшін арызданса да «белсенді мұғалім».
Бүгін жеке мүддесі үшін арызданып, ертеңіне креслоға отырғандар да «белсенді» мұғалім.Мұғалімнің жан айқайын жеткізетін мұғалімдер көбейсе, қуанамыз. Шындықты айтатын мұғалімдер көбейсе қуанамыз. Өзін «белсенді мұғалім» деп атап ,биліктің сойылын соғып, министрге барғанда шындықты айтудың орынына мақтап, ұпай жинайтын шолақ белсенділер кімге керек?
Айтпақшы, мен белсенді мұғалім емеспін. Ондай дәрежеге әлі жеткен жоқпын. Белсенді болу үшін әлі де көп жұмыс атқару керек.
Мен үшін белсенді мұғалімдер әлі де санаулы ғана. Қатарларыңыз көбейсін, белсенді әріптестер! .(Журналистер мен қоғам белсенділері де мұғалім құқығын қорғады. Бірақ, жазба тек мұғалімдер жайында.)
Айман САҒИДУЛЛА, әлеуметтік парақшасынан алынды.