Бақытжан Сағынтаев Ұлттық комиссияның отырысын өткізді
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысы өтті. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Отырыс барысында латын графикасы негізіндегі жаңа қазақ әліпбиінің орфографиясы мен оны компьютер жүйелерінің пернетақтасына енгізу мәселелері талқыланды.
Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы, ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев, білім және ғылым вице-министрі А. Аймағамбетов, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Е. Тілешов баяндамамен сөз сөйледі.
Талқылауға сондай-ақ, ҚР Парламенті Сенатының депутаты М. Бақтиярұлы, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Досаев, Еуразия ұлттық университетінің ректоры Е. Сыдықов, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ұлттық университетінің шет тілдері кафедрасының меңгерушісі Т. Аяпова, Тіл білімі институтының директоры Е. Қажыбек, филология ғылымдарының кандидаты, Тіл білімі институтының мәдениет және сөйлеу кафедрасының меңгерушісі Н. Әміржанова мен Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері А. Жүнісбек және басқалар қатысты.
Abai.kz
Дереккөз: https://abai.kz/