Балахтың Ленині алынып тасталды!

0
117

Бүгін ертеңгі сағат 10-04 минут кеткенде «Құдай құлатқан Ленинді Балах қайта тұрғызды!» атты мақала жариялаған едік. Онда Талдықорған қаласындағы Алмалы көшесінің 2-үйінде орналасқан «Талдыкорганский Маслоэкстракционный Завод» ЖШС ғимаратының үстінде Лениннің бейнесі «менмұндалап» тұрғаны сөз болған. 

Біз аталмыш мақалада Алмалы көшесіндегі бұл зауыттың төбесіне қойылған Лениннің бейнесіне жергілікті халық бірнеше мәрте наразылық білдіргенін, бірақ, зауыт бастығы Баллах Александр Яковлевич жұрттың сөзін құлаққа да ілмегенін ащына жаздық.

Өткен жылы Құдайдың құдіретімен жел көтеріліп, Лениннің бейнесі құлап түскен. Жұрттың Балахтан сұрағанын Тәңір беріп, «кешегі бодандық дәуірден қалған сүйел-бейнеден құтылдық қой» дегенше, зауыт басшылығы су жаңа ескерткішті қайта тұрғызып үлгерген.

Міне, Ленин бейнесінің алынғаннан соңғы суреті

Abai.kz сайтының сынынан Талдықорған қалалық әкімдігі дереу нәтиже шығарды. Мақала жария бола салып, арада екі сағат өтпей Лениннің бейнесі алынып тасталды.

Біз жедел қимылдап, Балахты жөнге салған Талдықорған қалалық әкімдігіне өз тарапымыздан алғыс айтамыз.

Шәріп Қайсар

Abai.kz

Abai.kz