Бағдат Қожахметов  31 арнадан кетті

0

2011 жылдан бері  31 телеарнаны басқарып келе жатқан Бағдат Қожахметов қызметтен кеткенін мәлім етті.

–«Компания Бағдат Қожахметовке бірқатар жобаларды жүзеге асырғаны және телеарнаны тиімді басқарғаны үшін алғыс  сезімін білдіреді»,– делінген 31 арнаның сайты  таратқан мәлімдемеде.

Ал Қожахметов қандай қызметке барды?

–Кететін уақыт келді. 7 жыл осында жұмыс істедім. Енді қай жерде баруым мүмкін? Өзімнің жоспарларым туралы кейінірек айтамын. Бірақ осы салада қалатыным рас,–деді Бағдад Қожахметов бірқатар электронды бұқаралық ақпарат құралдарына берген қысқаша сұхбатында.

Жеті жылдай телеарнаны жемісті басқарған Бағдат Қожахметовтың орнына бас директордың уақытша міндетін атқарушы болып Евгения Гуляева келді. Ол соңғы жеті жылдан бері Бағдат Қожахметовтың орынбасары болып қызмет істегенін айта кеткен жөн.

«Қамшы» сілтейді