Асқар Мамин «Бәйтерек» холдингін басқарады

Асқар Мамин «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің директорлар кеңесіне төраға болып тағайындалды.
Аikyn.kz сайтының мәлімдеуінше «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингінің директорлар кеңесіне жаңа құрам тағайындалды. Олар: Жеңіс Қасымбек, Әлихан Смаилов, Руслан Дәленов және Роман Скляр.
Осылайша басқару кеңесі он адамды құрады: Асқар Мамин, Жеңіс Қасымбек, Әлихан Смаилов, Руслан Даленов, Роман Скляр, Ерулан Жамаубаев, Айдар Арифханов, Клаус Мангольд, Томас Миров, Филипп Йео.
Abai.kz