Ақтөбеде танымал психолог сот залынан бір-ақ шықты

81
- Жарнаманы баса кетіңіз -
Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Анжела Арутюнова таныстарынан жаңа үйлерден пәтер алып беремін деп ақша жинаған

АЛМАТЫ, 8 қаңтар — Sputnik. Ақтөбе қаласының қылмыстық соты қалаға белгілі балалар психологы Анжела Арутюнованы алты жыл сегіз айға бас бостандығынан айырды.

Тергеу барысында ол 2015 жылдан 2016 жылға дейінгі аралықта өзінің таныстарына жаңа үйлерден арзан бағамен пәтер алып беруге уәде еткені анықталды. Психолог тоғыз адамнан ақша жинап, Краснодарға кетіп қалған, кейін ол жақтан Ақтөбеге экстрадицияланды, деп хабарлады Diapazon.kz.

Әйел ақшаны тек қарызға алғанын, оның бір бөлігін төлегенін айтты. Соған қарамастан, сот оның дәлелдерін негізсіз деп танып, жәбірленушілерге 96 миллион теңге көлемінде шығын төлеуді міндеттеді. 

Дегенмен Арутюнованың атында ешқандай мүлік жоқ, ақшаны қалай қайтаратыны түсініксіз. 

Психолог сот залында үкімге қатты наразылық білдіріп, 100 теңгеден өтемақы төлейтінін мәлімдеді.

Айта кетейік, Анжела Арутюнова Ресейге кетер алдында балабақшада психолог болып жұмыс істеген.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/

Загрузка...