АҚШ Гүлнара Каримоваға қарсы ресми айып тақты
АҚШ әділет министрлігінің мәлімдемесінде Гүлнара Каримова ең ірі көлемде пара алған күдікті екені айтылды.
Бекзод Ахмедов – Ресейдің МТС телекоммуникациялық компаниясына қарасты «Уздунробита» ұялы операторының бұрынғы директоры, оған МТС пен тағы екі компаниядан – VimpelCom («Билайн» сауда маркасының қожайыны) және Telia (бұрынғы TeliaSonera) компаниясынан Өзбекстан нарығына кіру үшін пара алуға көмектескен деген айып тағылды.
АҚШ әділет министрлігінің мәліметі бойынша, 2005-2012 жылдар аралығында VimpelCom Гүлнара Каримоваға 114 миллион доллар, 2007-2010 жылдары Telia компаниясы 331 миллион доллар, МТС – 420 миллион доллар пара берген. Каримова аталған үш компаниядан барлығы 865 миллион доллар пара алған.
Каримова мен Ахметовқа қарсы іс Нью-Йорктің Оңтүстік округтің сотында қаралады.
Еске салайық, жақында МТС компаниясы АҚШ әділет министрлігімен бейбіт келісімге отырғаны белгілі болды. Соған сәйкес комания 850 миллион доллар айыппұл төлейді.
Өзбекстанның тұңғыш президентінің үлкен қызы Гүлнара Каримоваға қарсы іс АҚШ-та 2014 жылы қозғалған.
Өзбекстан билігі де Каримоваға 53 млн доллар иемденді деген айыппен іс қозғаған. 2017 жылы елдің Бас прокуратурасы Каримова он жылға сотталғанын хабарлады. Бірақ бір жылдан соң Ташкент облыстық соты оның жазасын бес жылға еркіндігін шектеуге (үйқамаққа) ауыстырды. 2019 жылы наурызда оны қайтадан колонияға жіберді.
Бекзод Ахмедов Өзбекстаннан 2012 жылы көшіп кеткен, қазір ол Ресейде тұрады.
Abai.kz