АҚШ Бакиев отбасы ұрлаған 4,6 млн долларды қайтарады

0

АҚШ соты Бакиев президент болып тұрғанда оның отбасы ұрлаған 6 млн долларды тәркілеу туралы шешім шығарған.

Қырғызстан үкіметі заңгерлер арқылы АҚШ-тан тәркіленген ақшаны қайтаруды сұраған. 2018 жылдың қазан айында АҚШ-тың әділет министрлігі Қырғызстан өтінішін қанағаттандырған. Бірақ 6 млн доллардан тек 4,6 млн долларын ғана қайтара алады.

«Бұл қаржыны қайтару екі елдің қарым-қатынасындағы маңызды оқиға. Мұны АҚШ-тың Сооронбай Жээнбековтің коррупцияға қарсы күрес кампаниясына қолдау көрсетуі деп біліңіздер», — деді Элис Уэллс.

Уэллс қайтарылған қаржы аймақтарды таза сумен қамтамасыз ету үшін, тұрғындарға дәрі-дәрмек сатып алу үшін, қоғамдық бақылауды күшейту үшін жұмсалатынын айтты.

Құрманбек Бакиев Қырғызстанды 2005-2010 жылдары басқарды. Ол 2010 жылдың көкек айында 80 адамның өліміне алып келген революция нәтижесінде биліктен кетті. Бакиев қазір Беларусь астанасы Минскте тұрып жатыр.

Abai.kz

Abai.kz