Алматыда жол апатынан танымал актриса көз жұмды

0
Алматыда жол апатынан танымал актриса көз жұмды


Алматыда жол апатынан танымал актриса Шолпан Елгезек көз жұмды.

Апат Сейфуллин мен Абай даңғылдарының қиылысында болған. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Белгілі болғандай, танымал актрисамен бірге аталмыш жол апаты салдарынан тағы екі кісі көз жұмған.

«Бүгін Алматы қаласында жантүршігерлік оқиға болып, жол апатынан 3 адам көз жұмды. Соның ішінде көптеген тележобалардан көрермендерге таныс кино және театр актрисасы Шолпан Елгезек те бар. Мезгілсіз дүниеден өткен актрисаның туған-туыстарына, жақындарына ұжым атынан қайғырып, көңіл айтамыз», — делінген театрдың ресми парақшасында.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбаевтың мәліметінше, Елгезековамен бір көлікте болған актриса Айзада Сатыбалдиева жан сақтау бөлімінде жатыр.

«Ол алты қабырғасы мен бұғанасы сынып, жансақтау бөлімінде жатыр. Қазіргі уақытта ол есін жиды. Қазір театр ұжымы қолдау білдіріп, ауруханаға жиналды», – дейді Қырықбаев.