Алматы көшелерінде көптеген жаңа арт-объектілер пайда болды

0

Алматы көшелерінде көптеген жаңа арт-объектілердің пайда болуы мегаполистің әр тұрғынының назарын бірден аударып, қалалықтар мен қала қонақтары тарапынан оң пікір тудыруда. Әлеуметтік желілерде оң пікір білдірушілер мен лайк басушылар көп кездеседі. Белгілі қалалық блогерлер, оның ішінде Александр Цой, Кирилл Лавров, Мади Мамбетов және басқа да азаматтар қолдау білдіріп, пікір жазған.

Кирилл Лавров жазған постың астына қала тұрғыны Асхат Есімханов: «Тамаша! Деңгейі артып келеді» деп, блогер Анна Королева-Якунина: «Маған арт-объектілер ұнайды» десе, Маргарита Кунцевич : «Маған да ұнайды)), тағы Абылай хан мен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында ұлулар бар» деп, ал Айгөлек Мұстафаева «Өтпелі жолдар шатырындағы ұлу ғажап» — деген пікір білдіреді.

Қаладағы мүсіндер тек республика тұрғындарының ғана емес, шетелдік БАҚ назарына да түскен. Көптеген шетелдің баспалардың мақалаларының арқасында Алматыға келіп жатқан туристер қатары айтарлықтай артуда. Мысалы, алматылық Азамат Ашимов Канадада тұратын Джоштың мегаполис жөнінде «Атакенттегі Тиіннің мүсіні» арқылы хабардар болғанын жазыпты.

Азамат өзінің жеке парақшасында: «Джош – канадалық азамат. Қазір ол Ресейде жұмыс істейді, мәдени тақырыптарға мақала жазады. Жақында Бішкекте болды, Алматыны үлкен Тиін арқылы біледі. Медеу, Шымбұлақ, Шарын каньоны арқылы емес, тек Тиін арқылы. Тиін пайда болған кезде батыстың мәдени БАҚ-тары ол туралы көп жазыпты, сол арқылы Алматы шетелдіктерге белгілі бола бастады. Джоштың әріптестері мен достары тиінді көрнекі мүсін ретінде міндетті түрде көруі тиіс екенін айтыпты. Көптеген алматылықтар Тиіннің не үшін орнатылғанын түсінбеді, қабылдамады, ал Джордж бұл мүсінмен мақтануға болады дейді, мен онымен келісемін» — деп жазған.

Оң пікірлердің көптігіне қарамастан жоба басшыларын плагиат ретінде айыптаушылар да бар. Осыған орай, біз заманауи қала мүсіні деген не, түпнұсқаны франшизадан қалай айыруға болады, қазақстандық авторлардың қызметі неге қымбат деген сауалдарға жауап табуға тырыстық. PARK FEST мүсіндер мен кіші архитектуралық пішіндер халықаралық фестивалінің директоры Ольга Султанова мен Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, арт сыншы, халықаралық куратор Валерия Ибраевамен осы мәселелер жөнінде пікірлерімен бөлісті.

«Егер питерлік суретші Андрей Люблинскийдің «Кішкентай қызыл адамдар» сериялары туралы айтар болсақ, бұл жұмыс автордың келісімімен жасалған, яғни ол, әрине плагиат емес! Оның шығармашылығына терең үңілсең, пиксельдік мүсіндердің Андрейдің қолтаңбалық өз стилі екенін байқайсың. Ол заманауи стильде көптен бері жұмыс жасайды, оның сюжетіне сәйкес қызыл адамдар – қала тұрғындары. Пиксельді адамдарды әлемнің көптеген қалаларынан көруге болады, бұл – жаһандану тенденциясы, пикселдер экраннан бірдей болып көрінеді. «Кішкентай қызыл адамдар» — жаһандық цифрлық цивилизацияның заманауи адамдары» — дейді Ольга Султанова.

Өнерде «франшиза» деген ұғым бар. Мұнда белгілі суретшілер шығармаларын көшіріп жасау құқығын сатып алып, сол арқылы арт-объектілердің көшірмелерін жасауды айтады. Жер асты өтпелі жолдардағы ұлулардың, суда жүзетін киіммен билеп тұрған әйелдердің, Париждегі Эйфель мұнарасының көшірмелері осылай жасалған. Бұл объектілер мегаполистің түрлі сауда орындарына қойылған, оған ешкім тыйым сала алмайды.

Ал Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, арт сыншы, халықаралық куратор Валерия Ибраева: «Ия, Гранд Парк сауда кешені аумағындағы мүсін бір ғана 15 сантиметрлік жұмысының құны кем дегенде 70 мың АҚШ долларына тең франко-швейцарлық белгілі суретші Никки де Сен Фалль жұмыстарының көшірмесі. Қазір әлемде мүсінді тираждау кең тараған. Оған мысал ретінде атақты Фернандо Ботероның жұмыстарын айтуға болады, оның «толық әйелдер» мүсіні әлемнің түрлі қалаларына қойылған» — деген пікір білдірді.

«Көркем жұмыс үшін сюжет – бірегей туынды емес. Егер сюжет расында қызық әрі тартымды болса жетіп жатыр. Ал суретші үшін шығармашылық – бұл шынайылықты тану, қабылдау. Өнер тарихын зерделесек қайта жаңару дәуірінің әртүрлі авторлар ертедегі грек мифтерін қайталап бейнелегенін атап өтуге болады. «Вакхты» бейнелеген Караваджоны немесе осы атаумен картинасы бар Рубенс пен Тицианды идея ұрлады деп кіналау қиын. Демек, Тиінді жасаған Алекс Ринслер мен Мариус Янсен Ван Вууренді бұрын бейнеленген деп айыптау қателік» — деді Ольга Султанова.

«Алекс Ринслердің Тиіні плагиат емес. Марат Бейсенғалиев Францияда суретке түсіріп алған тиін алматылық тиіннен мүлдем бөлек, алматылық тиіннің материалы, жасалу шеберлігі, түрі, әсіресе көлемі де өзгеше. Әлем үлкен, мұнда қайталаулар болуы әбден мүмкін, біз Абылайханның ат үстіндегі мүсіні Бернинидің 15-ші Людовик ескерткішінің немесе өнер тарихындағы алғашқы ат үстіндегі мүсін болып табылатын Марк Аврелийге қойылған римдік мүсіннен көшірілген деп айта алмаймыз ғой. Ж. Натбаев өнердің тәрбиелік мәніне үлкен назар аударады. Алматының Үлкен Тиіні – осы ұғымның дәлелі. Тиін көлемі жағынан балаларды ғана емес, үлкендерді де қызықтырып, аң үшін адамдар қаншалықты үлкен болып көрінетінін түсінуге болады. Мүсіннің идеясы кішкентай аңдарға деген адамдық қарым-қатынасты білдіреді» — деді Валерия Ибраева.

Валерия уақытша мүсіннің әлемде кең етек жайғанын айтты. Ол түрлі мерекелерге, мүсіннің материалына, суретшінің идеясына қатысты. Мәңгілік ескерткіштер болмайды, оған дәлел алынып тасталған кеңестік монументтер мен Бамияндағы Будданың үлкен мүсіні.
Суретшілер Одағы мүшелерінің қатысуына байланысты, мүсінші Казарян және Айнеков осы бірлестікте мүше екендігін айта кету керек. Конкурс барлығына ашық болғанымен – ешкімде де қатысуға немесе сараптамаға монополиялық құқығы жоқ. Кеңестік дәуірден айырмашылығы, ол уақытта бұл функциялар тек суретшілер одағымен атқарылса, тәуелсіздік жылдарында қазақстандық қоғам саналуандығымен, толеранттықпен және түрлі формадағы шығармашылық ойлау қабілетін дамытумен ерекшеленеді.

Ольга Султанова Ербосын Мелдібековтың «Ертоқымның пайда болуы» мүсінінен белгілі қазақ суретшісі Рустам Хальфиннің сурттерін, философ Жанат Баймұхаметованың идеясын көргендей болғанын айтты. Ербосын Мелдібеков Қазақстанның қазіргі заманғы танымал суретшілерінің бірі. 2015 жылы Ә. Қастеев атындағы музейде Виктор Мизианоның кураторлығымен Мелдібековтың «Мәңгілікке оралу» атты ретроспективасы өтті. Мүсіншінің соңғы топтық жұмыстарының ішінде Suns and Neons above Kazakhstan, Yarat, Баку (2017), BALAGAN!!!, Берлин (2015), 6-шы Мәскеу биенналесіндегі арнайы жобасы «Своя земля/Чужая территория» (2015), «Грамматика свободы», Гараж, Москва (2015), 1-ші Киев биенналесі (2012), Гванджудағы 9-шы биенналесі (2012), Орталық Азия павильоны Венеция биенналесі (2011, 2005), Time of the Storytellers, KIASMA, Хельсинки (2007), Progressive Nostalgia, Luigi Pecci Centre, Прато (2007) көрмелерін ерекше атауға болады. Мүсіншінің өз қаламызда абыройға бөленуі қуантады. Оның өнер мен көрермен арасындағы алшақтық болмайтын қоғамдық кеңістікте жұмыс жасауына мүмкіндігі мол.

«Эдуард Казарян да қазақстандық танымал автор. Олар Мелдибековпен бірге әр түрлі стильдер мен жанрларда жұмыс жасайды. Қалалық кеңістік азаматтар үшін стильдерді, сюжеттер мен шығармашылық ұстанымдарды таңдауға мүмкіндік береді. Қаладағы жұмыстар дәстүрлі немесе заманауи стильде ғана емес, шын мәнінде мың бояулы қалада барлық бағыттар тамаша ұштасқандығын көруге болады. Біздің қоғамда қайсысы басым екендігін айта алмаймыз ғой: қазіргі заманғы жаһандық өркениет пе, немеме өткеннің дәстүрлі жолы ма? Біз әрқайсымыз әр түрліміз, Алматының қала кеңістігі де сантүрлі болғаны жөн», — деді О.Сұлтанова.

Сарапшылар пікіріне сәйкес, отандық суретшілер мен мүсіншілер шығармаларының бағасы шетелдік танымал әріптестерінен кем емес. Кейде тіпті шетелдік мүсіншілерден әлденеше рет асып түседі. Мәселен, Э.Казарян өзінің қоладан жасалған «Көкжиек» (Горизонты) туындысы үшін 28 млн. теңге сұраған болса, ал З.Қожамқұлов «Темір бұқа» туындысын 35 млн. теңгеге бағалаған. Дегенмен фестиваль барысында 60 дана арт-объекті қойылған болса, оның жартысынан астамы қазақстандық суретшілердің жұмыстары.

Естеріңізге салайық, PARK FEST фестивалінде суретшілердің сарапшылар комиссиясының іріктеуінен өткен жұмыстары қатыстырылды. Оның құрамына Кендал Генри (Нью-Йорктегі паблик арт департаментінің директоры), Кристина Штейнбрейхер (заманауи өнердің Вена жәрмеңкесінің директоры), Сергей Ковалевский (Краснояр музей биенналесінің тұрақты кураторы) және Евфрат Имамбек (п.ғ.к., соцоантрополог, профессор, ЮНЕКО-ның материалдық емес мәдени мұрасының эксперті, материалдық емес мәдени мұра Ұлттық комитетінің мүшесі, Тенгриді зерттеу жөніндегі халықаралық қор басқармасының мүшесі, өнер, анимациялық кино, дизайн жөніндегі сараптамалық кеңес мүшесі) енген.

Фестивалдің конкурстық іріктеуіне қазақстандық және шетелдік суретшілер мен мүсіншілерден бес жүзден астам өтініш түскен. Фестиваль қатысушыларын таңдаған кезде сарапшылар комитетінің мүшелері объектілердің көркемдік құндылықтарын, олардың қаланың сәулеттік ансамбліне бейімделуін, әлемдік көркемдік контекстпен байланысын, ұлттық дәстүрлер мен Алматы қаласының тарихи аспектілерін ілгерілетуді басшылыққа алды.

«Қамшы» сілтейді