300 мыңнан астам адам е-биржа арқылы жұмысқа орналасты

0

2018 жылы 318 мың қазақстандық электронды еңбек биржасы арқылы тұрақты жұмысқа тұрды.

«Биыл Enbek.kz. порталында 346 мың резюме таратылды. Сондай-ақ, 318 мың азамат жұмыспен қамтылды. Осылайша, е-биржаның көмегімен жұмысқа тұру 2017-ші жылмен салыстырғанда 35 пайызға артты», – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, бұл ТМД аумағындағы алғашқы электронды еңбек биржасы. Оның құрылуынан бастап үлкен мәліметтер базасы қалыптасты. Ал процестің өзі болса электрондық форматқа көшті.
Бұл бизнестегі әкімшілік шығындарды төмендетуге, бұдан бөлек азаматтардың  лайықты еңбек табулары үшін географиялық кедергілерді жоюға ықпал етті.

«Бүгінгі таңда Android және iOS негізіндегі мобильді қосымшалар әзірленіп, іске қосылды. M-Gov-тің жеке кабинетінен хабарландыру алу үшін Enbek.kz-ді М-Gov-пен біріктіру бойынша жұмыстар жүргізілді», – деп жазылған мәліметте.

Композитті форматқа көшудің арқасында зейнеткерлік жасқа шығуға байланысты алатын 3 қызметті қазір 1 ғана өтініш арқылы алуға мүмкіндік туды. Бүгінде аталған қызмет 6 137 адамға көрсетілген. Бұл 2018 жылдың
2-ші қарашасындағы көрсеткіш. Бұған қоса, электрондық еңбек биржасының Telegram-bot (@EgovkzBot) каналына бос жұмыс орындары жарияланып, жұмыс іздеушілерге жайлылық туғызуда.

«Әлеуметтік және еңбек саласын цифрландырудың негізгі мақсаты – электронды еңбек биржасын дамыту. «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесін, Enbek.kz порталын, жеке жұмысқа орналастыру агенттіктері мен интернет-сайттарын біріктіру де негізгі міндеттердің бірі саналады. Сонымен қатар, аталған саланы цифрландыру әлеуметтік-еңбек саласының жүйелерін әзірлеуді және енгізуді, қызметкерлер профилін жүргізу және еңбек шарттарын тіркеу жүйесін құруды және енгізуді қамтиды», – деп көрсетілген хабарламада.            Қазіргі таңда «әлеуметтік тізілімнің» ақпараттық жүйесінің прототипі әзірленді, пайдалануға 2018 жылдың 18 желтоқсанында беріледі деп жоспарлануда. Бұдан бөлек, мүгедектікті анықтауға байланысты қызметтерді де онлайн форматта алу жеңілдей түседі деп күтілуде.

Электрондық еңбек биржасын дамыту

Бұл ТМД аумағында алғаш рет іске қосылған электрондық еңбек биржасы.

Іске қосылған кезеңнен бастап аса ірі дерекқор қалыптастырылуда, ал еңбек делдалдығы процесі тікелей электрондық форматқа көшуде. Бизнес үшін әкімшілік шығындарды төмендету және азаматтар үшін лайықты жұмыс іздеуде географиялық кедергілерді алып тастау қамтамасыз етілді.

Бүгінгі күні Android и iOS базасында мобильдік қосымшалар әзірленді әне іске қосылды.

Enbek.kz-ты M-Gov жеке кабинетінде хабарламалар алу бөлігінде M-Gov-пен ықпалдастыру бойынша жұмыс жүргізілді.

Жол картасының аясында өңірлермен жұмыс басталды, ағымдағы кезеңде жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілерді ЭЕБ-ға қосу бойынша шараларды жүзеге асыру үшін өңірлердің еңбек инспекцияларымен кеңес беру жұмыстары белсенді жүргізілуде.

ЭЕБ-ны дамытудың жуырдағы жоспарларында келесілер қарастырылған:

—           Enbek.kz порталына және Халықты жұмыспен қамту орталықтарының «Еңбек нарығы» жүйесіне енгізілген құзыреттіліктер банкінің көмегімен еңбек ресурстары үшін өзекті дағдыларды анықтау;

—           жұмыс берушілердің келісім-шарттарды тіркеуі бөлігінде еңбек келісім-шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесімен ықпалдастыру;

—           ХЖҚО-ға болжанатын жұмыс орындары және жұмысшылардың жұмыстан шығуды жоспарлауы туралы ақпаратты онлайн режимде жұмыс берушінің жеке кабинеті арқылы беру.

«Қамшы» сілтейді