Қазақстаннан жұрт неге үдере көшіп жатыр?

0

Адамның бір тиындық құны жоқ қоғамда өмір сүру қауіпті. Сол үшін де Қазақстаннан кетушілер саны артуда…

Көлік апатынан қайтыс болғандар саны жағынан қарасақ, елімізде соғыс болып жатқан секілді. Бұл көлік апаты осындағы/фейсбуктағылардың көбінің жақындарын да алып кетті деп ойлаймын. Ал қаншама жүз мыңдағаны мүгедек болып қалды десеңші.

Ешқашан рөлге отырып көрмеген адам, мен 24 жасымда алғаш көлік жүргіздім. Алғаш айдаған көлігіме Мұхтар Шаханов отырды. Оқытуға зауқы жоқ, тек ақшасын алсам деген көлік мектебі маған куәлігімді бере салды. Ал мен бұрқылдап қайнап жатқан жұмыстардың көптігі соншалық, тәжірибе жинауға уақыт болмастан Мұхтар ағамда «жүргізуші» болдым. Парламенттің көлігі кешігіп жүретін және кеш келетін болғандықтан Мұхтар ағам екеуіміз көлікпен өте көп жүрдік. Ойланып қарасаңыз, мемлекеттік тұлғаны алып жүрген «жүргізушінің» тәжірибесі жоқ болған соң басқа әңгіме қозғағыңыз келмейді.

Құдай куә, мені Құдай сақтады. Әйтпесе апаттың түр түрін көрдім. Аман қалғаныма қазір таң қаламын. Айтайын дегенім, біз енді осылай Құдайдың сақтағанын ғана күтіп отыра береміз бе? Просто, куәлікті сатуды тоқтат. Көптеген емтихандар мен тәжірибеден кейін куәлікті беру керек. Бар жоғы осы ғана. Жапонияда көрдім, куәлікті алудың азаптарын…

Әйтпесе соғыстағыдай қырылғанымызға қарап, қай жерден қай көлік келіп соғады екен деген сезіммен жүреміз. Жаназаларға бару көбейе береді. Мемлекеттік деңгейде аза тұту күндеріміз де көбейе бермек.

Аңдатпа:

Жақында ғана көшеде кетіп бара жатсам, бір ана көмек сұрап жүр екен бірнәрсені көтеруге. Қасымда футболист жігіттер бар еді.

«Айта беріңіз, не істеу керек?»

«Анау үйде баламды көтеруге көмектесіп жібересіңдер ме»

Ананың артынан еріп, үйіне бардық. Балалар жас болғандықтан төсекте жатқан адамға қарап, шошыңқырап қалды. Мен түк болмағандай, төсектегі адамға да мотивация беріп әңгімені, сол жердегі «ауа райын» өзгертіп жіберуге тырыстым. Төсекте көлік апатынан мүгедек болып қалған жігіт екен. Бірақ, тек көзі ғана қимылдағандықтан, қозғалыстың жоқтығынан шектен тыс семіріп кеткен.

25 шамасындағы жігіт. Балалар бәріміз жабылып жүріп, көтеріп коляскаға жатқыздық. Анасы байғұс, баласын таза ауаға шығарғысы келіпті. Көз жасын сүртуге қолы істемейтін, мөлтілдеп жылап жатқан жігіт, шашы ағарып кеткен ана… Сол жердегі жағдайды жазуға, суреттеуге сөздің құдіреті жетпесе керек.

Фазылбек ӘБСАТТАРҰЛЫ, әлеуметтік желідегі жазбасынан.