Полицей мен сот орындаушы борышкерлерді бірге ұстауда

0

Түркістан облысында жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері сот орындаушылармен бірлесіп айыппұлын төлемеген жүргізушілердің көлік құралдарын анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәселен, «Сауран» стационарлық бекетінде облыстық батальонның полиция қызметкерлері патрульдеу кезінде жергілікті тұрғынның басқаруымен Kia автокөлігін тоқтатты. Автокөлік жүргізушісінің 13 миллион теңге төленбеген қарызы бар екені анықталды.

Полицейлер көлік құралын айыппұл тұрағына қамады.

«Сондай-ақ, Сайрам ауданында қызмет атқару барысында патрульдік полицияның планшетіне жүк көлігіне қатысты сигнал түсті. Тәртіп сақшылары жүргізушісінің 7 миллион теңгеден астам қарызы бар екенін анықтаған.

Сонымен қатар Сауран ауданында Шымкент-Самара тасжолында тәртіп сақшылары тағы бір борышкердің көлігін тоқтатты. Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісінде 2 миллион теңгеден астам сомаға төленбеген берешек болған», — деп хабарлады полиция.

Полиция борышкер жүргізушілерге берешектер мен салынған айыппұлдарды уақытылы төлеу қажеттігі туралы айтты.