Кішкентай бала терезеден құлап кетті

0

Сәтбаевта төрт жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, оқиға Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында көппәтерлі тұрғын үйдің аумағында орын алған.

Түрлі жарақаттары бар ұл бала ауруханаға жатқызылды.

Сонымен бірге, дәл осындай жағдай Ақмола облысында орын алды.

Ақмола облысында 1 жастан асқан бала 4-қабаттың терезесінен құлап кетті. Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай 24 шілдеде Щучье қаласында болған.