Кең байтақ жерде Алтын адамға орын жоқ

0

Авторы: Тұрарбек Құсайынов

Астанадағы Назарбаевтың бастамасымен құрылған пантеон мен мыңдаған мешіт-медреселерге халықтың миллиардтаған қаржысы оңды-солды жұмсалып жатыр.

Ал үкімет болса қазақи дүниетанымдағы зайырлы қазақтарға бір рухани-мәдени орталық салып беруге құлықсыз боп отыр деп хабарлайды kznews-ақпараттық агентігі

Менің ұсынысым — ұлттық дәстүрімізді мансұқтайтын араб-парсы идеологиясы мен субмәдинетіне санасы шырмалмаған зайырлы қазақтар өзіміз боп краудфандинг немесе жеке меценаттардың көмегі арқылы Жетісу өңірінде қазақи танымдағы рухани орталық ашсақ дегім келеді.

Айтпағым біз қазақтар Ресейдің импершіл князі Александр Невскийдің ескерткішін Алматының қақ ортасына орнатқан орыстың православ пропутиншіл діншілдерінен қай жеріміз кем?!

Меніңше қазақ халқы мен елімізде мекендеген өзге ұлттардың басын біріктіретін символ ретінде қазақи киіз үй формасындағы рухани орталықтың жанына ұлы өркениет пен ізгі мәдениеттің эталоны болған АЛТЫН АДАМНЫҢ монумент-ескерткішін қойсақ тіптен керемет болар еді.

Шынтуайтында Шыңғыс қағанның алып ескерткіші Моңғолияның, ал Әмір Темірдің монументі Өзбекстанның ұлттық брендіне айналған.

Ал қазақ жерінен табылған,яғни бір Тәңірге табынған сақ бабамыз АЛТЫН АДАМ бүкіл түркі халықтарының ынтымағы мен бірлігін біріктіруші символ ескерткіш болатынына сенімім зор.

Ардақты ағайын аталмыш ұсынысты бірауыздан қолдаймын десеңіздер Қарасай ауданы,Әйтей ауылы,яғни Бішкек-Алматы трассасының бойынан бір гектар жерді осы ұлттық жоба үшін тегін беруге дайынмын.