Бас мүфтидің жыланып шағынып жүргені рас па?

0

Әлеуметтік желіде Наурызбай Өтпенов Бас мүфти болу үшін сол кезде дін істер комитетін және қоғамдық келісім вице-минстрі қызметін атқарған Марат Әзілхановқа джип көлігін сыйлағаны жөнінде ақпарат тараған. Параға ұқсас мұндай сыйлықты молдалар «хадия» дейді екен. Сол «хадия» кімнің ақшасына алынғаны белгілі болды деп жазады Kompromat.ru сайты.

Молдалар жұмыс істеп табыс таппайтыны белгілі, олардың күнкөрісі халықтың үстінен, кәсіпкерлердің мойынына мініп алған. Наурызбай Өтпенов Марат Әзілхановқа берген сыйлықтың ақшасы атыраулық бизнесмен Аян Темірәлінің қалтасынан шыққан. Ол – Иманғали Тасмағамбетовтың қолдап-қолпаштауымен байыған бизнесмен.

Иманғали Тасмағамбетовтің «жанқалтасы» іспетті Аян секілді кәсіпкерлер көп. Мысалы, атыраулық кәсіпкерлер Төкен Танайұлы Жұмағұлов пен «Форбс» тізіміндегі Ибрагим Ақдрашевтар сол қатарда. «Жанқалта» кәсіпкерлерден ақша сорудың әдісін молдалар өте жақсы меңгеріп алған.

Атырау қаласындағы өңірдің бас имамы отыратын, халықтың қазынасы есебінен салынған бас ғибадатхана бұрын «Иман» мешіті деп аталған. Бір-екі жылдан кейін атағы жер жарып тұрған Тасмағамбетовтен «зор үміт күткен» молдалар «Иманғали» деп мешіттің атауын өзгертіп алды.

Мысалы Нұрсұлтан Назарбаевтың аты көше,аэропорт, мектепке, әрі кетсе университетке берілді, ал оның атында мешіт жоқ. И.Тасмағамбетовтің күйеубаласы Еркін Хамитұлы Рәкішев та өз әкесінің атын мешітке берген: Алматының тау жағында орналасқан мешіт «әл-Хамит» деп аталады. Тасмағамбетовтің Назарбаевтан бір айырмашылығы – ол ақын-жазушы, зиялы қауымды өзіне түгел қаратып қана қоймады, молдалардың жүрегін де жаулап алған. Ол халыққа уағыз айтатын бірегей орынды, яғни мешіттерді өзіне қаратып алды.

Атыраудың бас имамы «Иманғали» мешітінің балансында тұрған төрт көлікті сатып жіберіп, оған ақша қосып, төрт бөлмелі үй сатып алып, оны еурожөндеу жасап жатыр» деп жұрт шулап жүр. Сатылып кеткен сол төрт көліктің бірін – жол талғамайтын нән джипті Тасмағамбетовтің «жанқалтасы» Төкен Жұмағұлов сыйға тартқан-ды. Бұл оқиға баспасөзде жазылған

atr.kz/zhanalyqtar/atyirauda-…

Қыркүйек айының ортасында Бас мүфти Наурызбай Өтпенов бастаған 15-шақты адамнан тұратын молдалар делегациясы Атырауда іссапармен болып қайтты. Осыншама адамның ұшақ билетін, қымбат қонақүйін, ішім-жемін атыраулық кәсіпкерлер мыңқ етпей көтеріп алды. Мәртебелі қонақ жантайса, жастық болды, жатса төсек болды. Бірақ, бас мүфтидің көңіл-күйі болған жоқ. Себебі, Наурызбай Өтпеновтің М.Әзілхановқа сыйға тартқан, кәсіпкер Аян Темірәлінің ақшасына алынған джип көлігі туралы ақпарат жария болып кеткен-ді. «Арабша білмейді, Құранды қате оқиды, алған білімі күмәнді» деп, қоғам тарапынан қатты сынға ұшыраған Бас мүфти өзінің спонсорларынан да «қайтпек керек» деп ақыл сұраған. Бұған кәсіпкерлер не айтады, олар тек қаржы жағынан ғана көмектесе алады.

Сондықтан олар саяси мәні бар мәселе бойынша Иманғали Тасмағамбетовпен әңгімелесуге кеңес берген секілді.

Бас мүфти Наурызбай Өтпенов Атыраудан кейін Алматыға екі күндік сапармен келді. Ресми кездесулерден кейін ол Иманғали Тасмағамбетовпен құпия кездесіпті. Сірә, өзіне тықыр таянғанын айтып, жыламсырап, қолдау сұраған секілді. Бас мүфтидің шынайы жағдайды бағалай алмайтыны осы жерде де байқалды. Ақиқатында, Иманғали Тасмағамбетов — зейнеткер, оның саяси биліктен шеттеп қалғанына біршама уақыт болды, көңіл-күйі жоқ, саяси құсалыққа бой алдырған адам. Соны біле тұра Бас мүфтидің «саяси мүсәпірден» көмек сұрап, жылап барғаны «суға кеткен тал қармайдының» керіне ұқсайды.

Алматыдан ұнжырғасы түсіп, көңілсіз аттанған Наурызбай Өтпенов Астанаға орала сала ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың қабылдауына сұранды. «Лауазымды шенеунік Бас мүфтимен келелі мәселе талқылады» деген жарнамалық ақпарат баспасөзге шыққан жоқ. Бұл Наурызбай Өтпеновтің қара басының проблемасын айтқанын, «қайтпек керек» деп ақыл-кеңес сұрағанынан хабар беріп тұр.

Бас мүфтидің шынайы жағдайды бағалай алмай, бейшара қалде екенін бұл кездесуде тағы да көрінді. Ол «дін мемлекеттен бөлінген» деген зайырлы қоғам тезисін түсіне алмай-ақ келеді. Дін саласындағы проблема — мүфтияттың ішкі шаруасы,яғни ҚМБД төрағасы жемқорлыққа әбден былыққан діни жүйені өз күшімен шешуге тиіс мәселе. Бас мүфти жеке басындағы проблеманы қоғамдық мәні бар мәселедей саяси биліктің мойынына артып қоймақшы. Бұл Наурызбай Өтпеновтың қай сасқаны?!

«Сасқан үйрек артымен сүңгидінің кері ме?

 Бақтыбек Айнабеков, Kompromat.ru.