Әскери қоймада жасанды жарылыс жүргізіледі

0
233

Жамбыл облысы, Байзақ ауданындағы әскери қойма орнынағы инженерлік-саперлік құрамның бақылауымен оқ-дәрілердің қалдықтарын жару басталды, деп хабарлады kznews.kz сайты Қорғаныс министрлігі Тараз горнизонының баспасөз қызметінің жетекшісі, подполковник Дина Мухаринованың мәлімдемесіне сілтеме жасап.

«Жару жұмыстары 13 қарашаға дейін жұмыс күндері ғана жүргізіледі. Ол үшін әскери бөлім мен елді мекеннен 12 шақырым қашық жерден арнайы орны дайындалды. Мамандар тобы таңдалған орынның жергілікті тұрғындар мен инженерлік-саперлік құрамның қауіпсіздігін жан-жақты зерттеді. Жергілікті билік органдары мен тұрғындарына жарылыс жұмыстарының жүргізілетіндігі туралы хабарландыру алдын-ала берілді. Жарылыс аумағын әскери полиция мен Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері қоршауға алған. Жарылыстың дауысы қатты шыққанымен одан тұрғындарға ешқандай қаупі жоқ», делінген мәлімдемеде.