Ақтауда жаппай төбелес орын алды

Ақтаудағы жаппай төбелес фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Басылымның жазуына қарағанда, бір күн бұрын желіде жастардың бір-бірімен төбелесіп жатқанын көрсететін бейне пайда болды. Полиция 31А және 31Б шағын аудандар арасындағы төбелеске қатысқан барлық адамдар ұсталып, бөлімшеге жеткізілгенін хабарлады.
«Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайларды анықтау үшін жедел-тергеу іс-шараларының барлық кешені өткізіледі. Тергеу мүддесі үшін өзге де мәліметтер жария етілмейді», — деді ведомстводан.