Әлем үлкен қауіптің алдында тұр

0
2015

Алдағы аптада, тіпті, дүйсенбі күні-ақ, әлемдік қаржы дағдарысы басталуы мүмкін. Сарапшылар Қытайдың China Evergrande Group құрылыс корпорациясы бұрындары алған кредиті және басқа да облигациялары бойынша өсім пайыздарын төлей амауы мүмкін дегенді болжап отыр деп жазады өзінің әлеуметтік парақшасында Асхат АСАН.

Олардың ойынша, қытайлық бұл компания мойнына алған көптеген қвржылық міндеттерін орындай алмай, онысы басқаларға да әсер етіп, China Evergrande Group қарыз алған біршама банктер мен компаниялар банкротқа ұшырауы ғажап емес. Сөйтіп, қытайлықтардан туындаған дағдарыс, 2008 жылғы Lemann Brothers-тің басына түскен оқиға секілді, бүкіл әлемге тарау қаупі бар. 2008 жылғы дағдарыс кезінде, АҚШ-та тұрғын үй нарығында жыйналып қалған «көпіршік жарылып», Lemann Brazers 100 млрд долларға жуық қарызын өтей алмаған болатын.

Ал, қытайлықтар болса, өздерінің кредиторларына 310 млрд доллар қарыз. Сондықтан, Evergrande Group-тың қүлдырауы тек Қытай экономикасына ғана емес, бүкіл дүниежүзі қаржы жүесіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Бұл туралы JPMorgan Chase мен Goldman Sachs сынды әйгілі инвестбанктердің сарапшылары айтып отыр. Олардың пікірінше, Қытайдан тарайтын дағдарыс айтарлықтай ауқымды болады. Қытайдың Орталық банкі, 2018 жылы-ақ өз болжамында, Evergrande-ты осы елдің жалпы қаржылық тұрақтығына қауіп төндіретін компаниялар тізімінің бірінші қатарына қойған болатын. Демек, өздері сол кезде-ақ білген. Ал, құрылыс саласы Қытай жкономикасының флагманы – бұл сала елдің ЖІӨ-нің 29 пайызын құрайды. Ал, Evergrande осы құрылыс саласының көшбасшысы саналады. Кәзір бұл гигант Қытайдың 200 қаласында бір мезетте 800-ден астам нысанда құрылыс жүргізіп жатыр.

Егер осы алып компания банк алдындағы борыш міндеттерін орындай алмай, өзіне материал жеткізушілерге төлей алмайтын болса, олар да банкротқа ұшырып, өз кезегінде өздері қарыз компанияларды да ала кетеді. Оның үстіне, бұл компанияның салымшы-үлескерлері де банкротқа ұшырайды – Қытайда олардың саны миллионнан асады және салымдары ондаған миллиард долларды құрайды. Үйсіз, ақшасыз қалатынын түсінген үлескерлер өз наразылықтарын білдіре бастады да. Компания сапында 4 миллионан астам адам жұмыс істейді. Оның бәрі де жұмыссыз қалатыны сөзсіз.

Бұл жағдай Қытайдағы әлеуметтік тұрақсыздықты тудырады деп болжауға болады. Сонымен, Қытайдың ішкі саяси-экономикалық және әлеуметтік жағдайы шиеленісе түсті. Өйткені, бұл елдің коммунистік қызыл басшылығы, соңғы уақыттары, хай-тек бизнесіне тізесін батырып, тек технологиялық компанияларға ғана емес, батыс идеологиясын таратушылар деген желеумен, ақылы оқу орындарына, кино және музыка индустриясына, ондағы «жұлдыздарға» қарсы саясат жүргізе бастаған болатын.

Құрылыс гигантының құлауы бұл елдегі бүкіл банк жүесіне әсерін тигізеді де, соның салдарынан, бүкіл экономикасы тұралап қалатыны сөзсіз. Коммунистер мұндай жағдайды болдырмауға тырысады. Осы кезге дейін, Evergrande-қа еш көмек көрсетпейтінін айтып келген Қытай билігі, ол ойларынан айнып, кеше ғана, биржаға 14 млрд доллар құйды. Алайда, бұл соманың Evergrande-тың телегей теңіз қарызын жабуы үшін тамшыдай ғана екені белгілі. Сарапшылардың тағы да бір қауіптенетіні – Қытайдың бітпес құпиялары.

Бұлар ешқашан да шынын айтпаған, өз еліндегі де, компанияларындағы да шын жағдайды ашып көрсетпейтін ел. Қызыл коммунистің заты қызыл коммунист – қағазда көрсеткені керемет, іс жүзінде тіптен басқаша. Evergrande та қағаз жүзіндегі есептерінде шығынынан табысы артық гүлденген компания болып көрінетін. Кәзір қарызға белшесінен батқан «жалаңбұт» екені білініп қалды. Шет елдік инвесторлар бұл проблеманың тамыры, тіпті, тереңде жатыр деген пікірде –тек Evergrande қана емес, Қытайдың бүкіл құрылыс саласы қарызға батқан борышкер болып шығуы мүмкін. Бұл Қытай экономикасының 3/1 бөлігі.