Әкім мырза, уәдеңізді жұтпаңыз, халықты алдамаңыз!

0
1481

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының тұрғындары әкімдерінің сөзі басқа, ісі бір басқа екеніне ренжіп отыр екен. Қылышын сүйретіп келе жатқан қыс ауасында тарбағатайлықтар отын-суын дайындауға кіріссе де, көмір алуға қалталары көтермей отыр. Бұған дейін жергілікті ақпараттық басылымдарда  көмір бағасы 25000 теңгеден көтерілмейтінін айтып, сұхбат берген аудан әкіміне жұрттың өкпесі қара қазандай.

«Тарбағатай ауданы әкімдігі баға реттей алмаса «судырахметтердің» аузына құлып салыңыздар. Газетке аудан бойынша тоннасын 21 000 ₸ сатамыз, 25 000 ₸ көтерілмейді деп ертегі уәде бересіздер. Фейсбукте 23 000 ₸ мемарандум дейді. Халықты алдауды қашан қоясыздар? Дизель отыны ол кетті, жолың анау… Тіпті су шашуға да ерінетін болды. Шаң жұтып отырмыз. (Майқапшағай трассасы)»Судырахметтерге» шара қолданыңыздар. Не сұмдық?

Қаражырада көмірдің бағасы 7200 ₸ босатып жатыр камаздарға. Бір камаз 600 литр шығынданып 40 тонна көмір әкелсе 21 000 ₸ сатқанның өзінде 396 000-400 000₸ пайда көреді…» деп жазады осы аймақтың тұрғыны Мейіржан ТЕМІРБЕК.