Баталов басқаратын облыста орынбасар әкім 33 млн парамен ұсталды

0
1916
Сурет: altaynews.kz
Advertisement

Алматы облысы Қарасай ауданы әкімінің орынбасарына 33 млн теңге пара алды деген айып тағылды. Енді ол мемлекет қазынасына қыруар ақша құяды, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Сот шешіміне сәйкес, жемқор мемлекет қазынасына 73,4 млн теңге төлеуге міндеттелді. Бұл туралы тікелей эфир кезінде AntikorLive Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Алматы облысы бойынша департамент басшысы Ернар Мақажанов мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетсек, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары жеке серіктестің бірінен келісімшартқа қол қою кезінде пара алды деген күдікке ілінген болатын. Ол «Жол картасы 2020» бағдарламасы аясында салынатын нысанға «қамқорлық» таныту үшін сыбайластыққа барған. Ал салынуы тиіс объектінің құны 600 млн теңге тұрады.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз