Жорналшы Оралханның кейіпкерлері |
Қуанышбай ҚҰРМАНҒАЛИ,
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты
Қуанышбай Құрманғалидың бұл мақаласы Оралхан Бөкейдің туған күні қарсаңында жазылып, редакцияның хат қоржынына түсіп қойған еді. Сол аралықта әйгілі жазушы туралы естелік дүниелер үйдек-түйдегімен келді де, Қуан ағаның ақыреттік досын сағынып жазған танымдық мақаласы кейінге қала берді. Оның үстіне біз автормен жазушы Оралханның көсемсөзде де көш бастағаны жайында кеңірек айтуға келістік те, соның ретін енді келтіріп отырмыз. «Соның ретін енді келтіріп отырмыз» деуіміздің себебі мынада: Оралхан Бөкейұлы – баспасөзде алдымен жорналшы болып танылған тұлға. Қай тақырыпқа қалам тартса да, қыран биігінен қиқу салған Орағаң кейін «Қазақ әдебиеті» газетінің талантты басшыларының бірі болды. Біз бүгін «Қазақ әдебиетінің» 85 жылдығымен бірге Оралхан Бөкейұлының жорналшылығын қатар еске аламыз.
Редакциядан
Оралханның шығармашылық жолы жорналшыдан басталғаны белгілі. Оны алыстағы ауылынан Алматыға әкелген де, жас талаптан талантты жазушылар қатарына қосылуына да Оралханның қаламы жүйрік, ойы оралымды, мәнері мен кейіпкер таңдауы елден ерекше жорналшы болуына байланысты. Иә, оның жазушылықтағы дара жолы жорналшылық қолтаңбасының өзгеше өрнектілігінен бастау алғаны ақиқат. Оралхан қазақ жорналшылығына соны серпін, жаңа леп әкелген, дара жол ашып, тыңнан түрен салған, сөзі де, жазу мәнері де жаңашыл қаламгер-көсемсөзші болды. Оралхан жорналшылықта жаңаша тәсіл тапты. Оның қарасөзбен жырлап, көркемсөзбен сырлап жазған қарапайым адамдарының тағдыры да, өмірлік өнегесі де, қиын да қызықты өмірлері де ешкімге ұқсамайтын. Жорналшыға тән алабөтен алғырлығы, ерекше елгезектігі кейін әдеби туындыларының көркемдігі айрықша айшықты, мазмұны маңызды, ойлары орасан, тәлімі тосын, идеясы иманды қасиеттерімен ерекшеленуіне үздік үлгі болса керек.
«…Сонда мен тот басып тұрған трактордың ақауын ғана емес,өзімнің санамдағы ыс боп тұрған ақауды да «жөндеп» шыққанымды сездім. Иә, сонда мен «Беларустің» рөлін емес, өмір тұтқасын ұстағанымды білдім…»…
(Толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар)