Ұлы дала ділмәрі – Бұқар жырау

0

Биыл қазақ ұлтының көмекей жырауы атанған Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығы республика бойынша кең көлемде тойланды. Жыл бойы түрлі дейгейде аталып өткен шаралардың тобықтай түйіні Астана қаласында жасалды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 26 желтоқсанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультеті қазақ әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен, Қазақстан Жазушылар одағының Астана қалалық филиалының қолдауымен баба мерейтойына арналған «Бұқар жырау – авторлық ауыз әдебиетінің классигі» атты ғылыми-танымдық семинар өтті.

Ғылыми семинарды университеттің проректоры, ҚР ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы ашып, ҚР ҰҒА академигі Сейіт Асқарұлы Қасқабасов «Жыраулық институты және Бұқар жырау» атты баяндама жасады.

Шараның өтуіне ұйытқы болған ф.ғ.д., профессор Аманжол Әлтай, сонымен қатар ҚР Еңбек сіңірген қайраткері А. Смайыл, ф.ғ.д., профессор С. Негимов, ф.ғ.д., профессор Р. Тұрысбек, ф.ғ.к., доцент Б. Қорғанбек сынды ғалымдар Бұқар жыраудың мұрасындағы маңызды мәселелер жайында сөз қозғады.

Әнші Е. Рысқали пен Е. Шалдыбаев әуелетіп ән салып, семинарға қатысушылардың, құрметті қонақтардың ыстық ықыласына бөленді.

Заңғар КӘРІМХАН


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.



Әдеби портал