Қатарынан қалған кәрі жетім – әңгіме

0
0

Астанада көбірек баратын жерім Хан Шатыр. Әрине ,,не іздесең ішінде толып тұр»- деп ойлайтын шығарсыз. Олай емес, алғашқы Астанаға келгенде, бұл жер балшық, қаланың шетінде, жерді қазып, авто көлік тұратын жер салынып жатқан.

Мен ,,дипломым жоқ»- деп малярға жұмысқа кірген болатынмын. Кейін ресторанға аспаз болып орналастым. Кішкентай ұлыма қарайтын адам болмай, күзетші жігіттер, ресепшін де отыратын қыздар, ойын алаңындағы қыз жігіттер жабылып қарағанбыз. Қаншама жоғалтқанбыз баланы. Хан Шатырда қаншама қиын да, қызықты да күндерім өтті. Қаншама әншілерді, шет елдің әйгілі спортсмендерін көрдік.

Елбасы Нұрсұлтан ағамызға да, тамақ дайындап күттік. Бірақ қорқынышты да, қызықты да болатын. Қорқыныштысы өзімізден бастап, жасаған тағамдарға дейін тексереді. Тексерген кезде қылмыс жасағандай сезінесің. Қызықтысы, үлкен ер азаматтарға дейін, жауға шапқандай тік тұрып, қолдарында хабарлағыш, әрбір тағамды шығарғанда хабарлап, ,, салат кетті, күтіп алыңдар, столға қойылдыма? Әр тағамды асханадан шығарған сайын хабарлайды.

Біз тып тыныш тұрамыз. Тек хабарлағыш құралда тепсе темір үзетін азаматтардың даусы шығады. Дауыстары бір соғысқа дайындалғандай болады. Бірақ бар болғаны тағамдарды залға шығарып жатыр. Біз теріс қарап күліп алатынбыз. Сол тамақтарды атамыз жемейді де, Ел басы кеткен соң өзіміз отырып шай ішетінбіз. Дастарханымызда бәрі бар, президенттік столда отырып тамақтанатын едік. Ең қымбат, жемістер, тәттілер, дәнектер… Атамыз барлығын тастап кететін.

Қаншама жыл өтті. Бұрынғы таныстар жоқ. Хан Шатырдың қызығы қалмағандай көрінді. Бірде Хан Шатырдың алдындағы жерасты жолмен келе жатсам, бір апа жүгері сатып отыр екен. Күн суық. Цементтің үстінде, астына бір кардон қағазды қойыпты, бүрісіп екі қолын қойнына тығып отыр екен. Үйде төрт адамбыз, төрт жүгері сатып алдым. Жүзі жылы, кәдімгі ауылдың апасы.

Апаға қарай- қарай, Хан Шатырға кіріп кеттім. Сүйікті дүкендеріме кірсемде, көңілім көтерілмеді. Апаны ойлай бердім. Балалары қалай суық күнде, қарт ананы отырғызып қойды екен. Құдайға шүкір, әжемді де, анамды да олай отырғызбаппын.
Хан Шатырда көп жүре алмадым. Апаға қарай жүрдім. Кеш болып қалған. Кішкене суық жел соғып тұр. Ойымда ,,апа тоңып қалатын болды, жүгерісі өтті ме екен. Өткен адамдар жүгерісін алса екен. Апа цементте тоңып отыра бермей, жылы үйіне қайтса екен»- дедім.

Өкінішті апа қатты тоңып қалған әлі отыр. Жүгерісі аз қалыпты. Жанына бардым да, ,,апа жүгері қанша қалды? Маған бәрін беріңіз»- дедім. Апа кәдімгідей қуанып қалды. Жер асты жолы азынап тұр. Апа қалтырап жүгерілерді санап, пакетке салды. Қуанған көздері маған қарап, бір уыс құртты маған беріп, ,,мынаны алшы, ақшасын бермесең болады, өзім жасағанмын»- деді. Апаның көңілін қимай алдым да. Апа орнынан, жиналып тұрып кеткенше қарап тұрдым.

Апа қатты жаурағанынан өзі де, үйіне асығып бара жатқандай, бір жағынан, жүгерінің барлығын сатқанына қуанғаннан, тоңғанын оншалықты сезбей кетіп бара жатқандай болды.

Енді Хан- Шатырға келсем апа бір жерде отырған жоқпа деп қарайлап жүремін.
Күннің суығында бүрісіп, майда, шүйде сатып отыратын, төрт апам бар. Үнемі сол кісілерден зат алып жүрем. Қолдан жасаған тағамды алғанда, ,,өте дәмді екен, көп рақмет»- деп, разылығымды білдірем.

Бір жағынан апалар өздерін жалғыз сезінбесін, өздерін қайраты қайтып, қажетсіз сезінбесін, маған керек екенін сезініп, ұзақ өмір сүрсе екен деймін.

Гүлжауһар Сырлыбекқызы

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз