МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ КОНТЕНТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ТІЛТАНЫМДЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ РӨЛІ |
Анар ФАЗЫЛЖАНОВА,
филология ғылымдарының кандидаты
VІ Ақпарат саласындағы қолданыс көлемі мен сапасын арттыру бағытында:
– тәулік бойы мемлекеттік тілде ғана хабар беретін Ұлттық телеарналар мен Қазақстандағы мемлекеттік тілде хабар тарататын телеарналардың контент сапасын көтеру және олардың таралымын тек Қазақстанда ғана емес, қазақ диаспорасы мен ирредентасына да жеткізуді жақсарту керек;
– қазақ тілінде жүретін балаларға арналған телеарна санын көбейту. «Балапан» телеарнасына Қазақстанның барлық (соның ішінде ауылды) аймақтары мен қазақтілді мәдени кеңістіктің (қазақ диаспорасы мен ирредентасы), елдегі барлық әлеуметтік топ өкілдерінің қолжетімділігін арттыру керек; жасөспірім, бозбала шақтағы балаларға арналған қазақ тілінде хабар тарататын танымдық-интеллектуалдық телеарна ашу қажет;
– орыс және ағылшын тілдерінен келген ақпарат легін қазақ тіліне аударуды жолға қою арқылы мемлекеттік тілдегі ақпараттық кеңістікті арттыру және тереңдетуді жүзеге асыру, бұл тұрғыда Wikibilim жобасына және осы сынды жобалардың көбеюіне қолдау көрсетуді жүйелі түрде ұйымдастыру;
– мультфильмдер түсіруді қолға алу керек. Ұлттық тәрбие беретін, қазақ тілінен білім нәрін сусындататын балаларға арналған қазақша мультфильмдер түсіруге қаржы бөлу; мультфильм өндірісінің мамандарын дайындап, осы өндіріс базасын күшейту;
– мемлекеттік тілдегі танымдық-эстетикалық мәні жоғары, патриоттық мазмұндағы мерзімді басылымдардың саны мен сапасын көбейту шараларын жүзеге асыру;
– қазақ тіліндегі ақпараттар легіне мониторинг жүргізіп, арзанқол, мәнсіз, гедонистік сипаттағы ақпараттарды тоқтатуға шара қолдану, оның есесіне аналикалық, ғылыми, танымдық ақпарат көздеріне мемлекет, азаматтық қоғам тарапынан қолдауды ұйымдастыру керек;
– Қазақстанның ресми ақпараттық кеңістігі бойынша қазақтілді контентті арттыру аса қажет. Бұны жүзеге асыруды барлық министрліктер мен ведомстволардың жыл сайынғы жұмыстарының жоспарына кіргізу; Бұны әрбір мекеме, ұйым сайттарының қазақ тілді нұсқаларының сапасын жақсарту, мазмұнын тереңдету арқылы жүзеге асыруға болады.
VІІ Ғылым мен техника және басқару саласындағы, іскери қатынастағы қолданыс сапасын арттыру бағытында:
– мемлекеттік тілдің ғылым саласындағы қызметін, коммуникативтік өрісін күшейтудің нақты жоспарын жасау, оны жүзеге асырушы жауапты орындар мен тұлғаларды бекіту;
– әрбір мекемедегі қатынас қағаздарының қазақ тілінде жүргізілуін қадағалау, тексеру, іс-қағаздары мемлекеттік тілде төмен деңгейде жүргізілетін мекеме, ұйымдардың басшыларына тиісті әкімшілік шаралар қолдану, бұл шаралардың барысы жөнінде БАҚ құралдары арқылы көпшілікті хабардар қылып отыру; Мемлекеттік мекемелердің жұмыс тілін қазақ тіліне көшіру;
– мемлекеттік, дипломатиялық қызметтегі лауазымды тұлғалардың ресми кездесулерде, сұхбаттарда, т.б. жұртшылық алдындағы сөзінде мемлекеттік тілде сөйлеуін талап ететін шараларды қолға алу; мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді қандай деңгейде меңгергендігі жөнінде мониторингтік талдау жасау;
– қазақ тілінде жаратылыстану ғылымдары бойынша жасалған ғылыми еңбектерді түгендеп, библиографиясын шығару;
– жаратылыстану ғылымдары терминдерінің үлкен политехникалық қазақша-орысша-ағылшынша сөздіктерін белгілі бір кезең сайын жаңартып шығарып отыру, олардың онлайн нұсқасын жасауға мемлекет тарапынан қолдау көрсету;
– қазақ ішінен шыққан танымал математик, химик, физик, инженер, т.б. жаратылыстану саласындағы атақты ғалымдар мен мамандардың еңбектерін, олардың жеке тұлғаларын жастар арасында кеңінен насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру, бұған қазақстандық массмедияны, Қазақстан Халқының ассамблеясын жұмысқа тарту, Интернет желілерін барынша пайдалану;
– жаратылыстану саласынан қорғалатын магистрлік және (PhD) докторлық ғылыми жұмыстардың бір нұсқасының қазақ тілінде даярлануын талап ету;
– жаратылыстану, техника саласы бойынша «қазақ тілінде жазылған үздік ғылыми еңбек» (монография, мақала, т.б.) номинациясын ел ішінде өткізілетін ғылыми жұмыстар байқауының сыйлықтарының тізбесіне енгізу;
– қазақ тілінде жаратылыстану және техника салалары бойынша ғылыми еңбек жазған өзге ұлттың өкіліне ерекше марапаттар, жеңілдіктер ұсынуды ұйымдастыру;
– жаратылыстану мен техника салаларындағы ақпараттарды қазақ тілінде жариялап отыратын жасөспірімдер мен ересектерге арналған ғылыми-көпшілік басылымның қағаз және онлайн нұсқаларын (журнал) ұйымдастыру қажет.
VIІI Білім беру саласындағы қолданыс аясын кеңейту, сапасын жақсарту бағытында:
– білім беру саласына қарасты барлық білім беру орындарындағы қазақ тілі пәні мен қазақтілді оқу пәндері оқулық, оқу құралдарына, т.б. оқу материалдарына:
а) мемлекеттік тілдің нормативтік базасына, тілдік сауаттылығына қатысты;
ә) сол сияқты қазақ тілінің сөздік қорында жинақталып, қолданысқа түспей жатқан адам, қоғам, табиғатқа қатысты терең ғылыми және халықтық білімдер жүйесінің қамтылуына қатысты сараптамалық мониторинг жүргізу керек;
б) мониторинг жүргізу үшін әрбір ғылым саласындағы қазақтілді жетекші ғылыми мамандар мен тілтанушы ғалымдардан, озық әдіскерлер мен министрлік мамандарынан тұратын сарапшылар комиссиясын құру қажет;
– мектептегі қазақ тілі пәнінің стандарттарын қайта қарау: қоршаған дүние туралы, ұлт туралы, т.б жүйелі білімдерді сақтаған сөздік қор – лексикаға және тілді дұрыс қолдану, коммуникация жасауға үйрететін тіл мәдениетіне арналған сағат санын көбейту керек.
– Тіл білімі институты шығырған қазақ тілінің нормативтік сөздіктері базасында Институт мамандарына мектеп оқушыларына арналған қазақ сөздіктерін, әсіресе түсіндірме сөздік, анықтағыштар, қызықты грамматикалар даярлау ісін тапсыру, қаржылай қолдау көрсету;
– жастардың патриоттық, отансүйгіштік сезімдерін арттыру және жалпы адамзаттық құндылықтарды насихаттап, таныту, инженерлік білім берудегі қазақ тілінің рөлін, сапасын арттыру, сонымен бірге жаратылыстану-техника саласының қауіпті дегуманизациялауына жол бермеу мақсатында техникалық жоғары оқу орындары мамандықтарының оқу бағдарламасына «Қазақстантану» атты гуманитарлық пәнді, ал барлық қоғамдық-гуманитарлық мамандықтарға «Ұлттық концептология» пәнін енгізіп, олардың ғылыми мазмұны мен негіздемесін жасақтау. Осыған орай Ресей Федерациясының барлық жоғары оқу орындарына «Ресейтану», «Орыс тілі мен мәдениеті» пәндерін енгізу бойынша тәжірибесін саралап, ұтымды жақтарын негізге алу;
– қазақтілді IT (ақпараттық технология) мамандарын әзірлеу үшін қажетті инфрақұрылымдарды қаржыландыру, кадрларды дайындау шараларын жүзеге асыру;
– мектеп және жоғары оқу орындарының барлық пәндеріне, соның ішінде орыс тілі мен шет тілдері пәндеріне қазақстандық мазмұнның бар/жоқтығын тексеру үшін мониторинг өткізу;
– осы мониторинг нәтижелері бойынша қазақстандық оқу орындарының барлық пәндеріне қазақстандық мазмұнның енгізілуін ұйымдастыру, қадағалау;
– барлық мектеп және ЖОО курстарының қазақстандық контентпен және «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы, сондай-ақ барлық ғылым салаларында жүргізілген іргелі әрі қолданбалы зерттеу бағдарламалары бойынша алынған тың ғылыми білімдер жүйесімен толығып, жаңаруын ұйымдастыру керек.
Соңы