Мақал-жұмбақ | — QazaqAdebieti

0

Жанат Ахмади

(Әйел-Ана дүниенің алтын кілті)

Белгілі жазушы, этнограф Жанат Ахмади газетіміздің бүгінгі жарияланымынан бастап тұрақты айдар жүргізіп отырмақ. Қазақтың көне сөздерін, аңыз әңгімелерін, би-шешендерден қалған асыл мұраны жетік білетін қазына қарттан тәбәрік – сүбелі сөз іздеген жастардың ойына ой қосса, мақсатымыз жүзеге асқаны!

Редакциядан


Салақ әйел шүмек тапса, не таппас (т…к)

***

Жаман әйел ерге жақсам болды деп
кімге жаққысы келмейді (е…не)

***

Салақ әйел етегін тігу орнына түйе салады.
Жүгін жию орнына қайтеді? (ү… салады)

***

Төркіні жақын әйелдің несі жиналмайды? (т…гі)

***

Тоқал әйел тыңшы, бәйбіше әйел не? (мін…і)

***

Бейпіл тілді ойсыз әйел ненің жұты (ж…н жұты)

***

Жақсы әйел көршісінен жүн алып байпақ басады.
Жаман әйел ерінен таяқ жегенше не істейді?
(жай…ақ басады)

***

Жақсы әйел жоқтан-бардан құрап
ерін тойғызады,
Жаман әйел сауып отырған жалғыз
несін сойғызады? (е…ін)

***

Әйелімен ері тең болса айы-күні тоймен өтеді,
Бірінен бірі кем болса,
іштен тынып немен өтеді? (о…н)

***

Сырты сұлуға қырық күнде тоясың,
Іші сұлуға қанша жылда тоймайсың? ( қ…қ)

***

Бір әйел сыйпап-сылаумен әйел,
Бір әйел мінеп қайтумен әйел? (сын…н)

***

Тілемсек әйел барған жерін қайтеді? (төр…неді)

***

Сұғанақ әйел іші томпайған әйелге кім болады? (кін…ше)

***

Әйелі кербездің еркегі қазаншы,
Әйелі сұлудың еркегі кім? (қ…уыл)

***

Жаман әйел ет тасыса, етегіне қан тигізеді,
Қарын аршыса балағына не тигізеді? (ж…н)

***

Сұм байыса зорға салған тамы тар көрінеді, «күйдім-сүйдім, өлдім-талдым» деп зорға алған әйелі не көрінеді? (хар)

***

Жақсы болса алғаның,
Үйіңнен жолдас кетпейді.
Жаман болса әйелің
Шын досың да не істейді? (ш…ді)

***

Жолдасың жаман болса,
Алыс жүріп түн қатпа.
Әйелің жаман болса,
Жұрт алдында не істеме? (т…л)

***

Долы әйел жылауық,
Сұғанақ әйел не? (с…ң)

***

Ойсыз әйел дамбалы бүтін болса қалай отырады?
(қал…ынша)

***

Еркегі жүректі болса, әйелі не? (тір…ті).

Қазақ әдебиеті