Мемлекет басшысы Бекболат Тілеуханды қабылдады

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Тоқаев мемлекет тарапынан жасалып жатқан қадамдарды халыққа жеткізу мәселелеріне мән беру керектігін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде — Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеуханды қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, жұмыссыздықты жою, жемқорлықты ауыздықтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сөз болды.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Райымқұловаға мәдениет қайраткерлерінің тұрмысын жақсартуды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет тарапынан жасалып жатқан қадамдарды халыққа жеткізу, түсіндіру мәселелеріне мән беру керектігін айтты.

Депутат Бекболат Тілеухан рухани саланы дамытуға, оның ішінде «Абай жылын» атап өтуге қатысты өз ұсыныстарын білдірді.

Мемлекет басшысы бұған дейін Қазақстан азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы жарлыққа қол қойған еді.

Толығырақ мына жерде: Қазақстанда кімдердің кредиті өтеледі



sputniknews.kz