Ержан Бабақұмаров қызметінен босатылды
Саясат
Қысқа сілтеме алу
Президент кеңесшісі болған Ержан Бабақұмаров басқа жұмысқа ауысты
НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде — Sputnik. Қазақстан президентінің өкімімен Ержан Бабақұмаров ҚР президентінің кеңесшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда.
«Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды», — деп жазылған өкімде.
Ержан Бабақұмаров бұл қызметті 2019 жылдың сәуір айынан бастап атқарған болатын.
sputniknews.kz