Алматыда заңсыз митингіге дайындалған адамдар ұсталды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

7 0 0

Қылмыстық істі тергеу барысында ұсталғандардың төртеуі де үйқамақта болған, бірақ оны өтеу ережесін бұзған

АЛМАТЫ, 4 шілде — Sputnik. Алматы полиция департаментінің қызметкерлері Қазақстан аумағында экстремистік ұйым деп танылған ДВК* қозғалысының төрт белсендісін қамауға алды.

Олар қалада рұқсат етілмеген митинг өткізуге дайындалған, деп хабарлады полиция.

Қылмыстық іс бойынша төрт айыпталушы: Жазира Демеуова, Оксана Шевчук, Гүлнәр Жаукерова, Әнуар Әшірәлиев үйқамақта болу ережесін бұзып, билік өкілдері рұқсат бермеген митингіге дайындалуды жалғастырып жатқаны туралы ақпарат шыққаннан кейін бұлтартпау шарасы өзгертілді.


©
Photo : Предоставлены пресс-службой ДП города Алматы

Тінту барысында ірі көлемде ақша тәркіленді

«Жедел және тергеу іс-шаралары кешенін өткізу кезінде бұл ақпарат расталды. Жоғарыда аталған азаматтардың, сондай-ақ тыйым салынған ұйымның басқа да қатысушыларының тұрғылықты жерін тінту кезінде экстремистік мазмұндағы плакаттар мен парақшалар, түтіндету құтылары, дауыс зорайтқыштар, аэрозоль сыр бүріккіш баллондар, компьютерлер, байланыс құрылғысы табылды. Сондай-ақ, ірі көлемде ақша тәркіленді, тергеушілердің болжамынша, бұл қаржыны олар заңсыз акцияны ұйымдастыру мақсатында жұмсамақ болған», — деп жазылған Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.

Ведомство сондай-ақ, бұған дейін қамауға алынғандардың әрқайсына экстремистік ұйымның қызметіне қатысудың салдары түсіндіріліп, профилактикалық әңгіме жүргізілгенін хабарлады.

  • Рұқсат етілмеген митингілерге дайындық

    Рұқсат етілмеген митингілерге дайындық


    ©
    Photo : Предоставлены пресс-службой ДП города Алматы

  • Рұқсат етілмеген митингілерге дайындық

    Рұқсат етілмеген митингілерге дайындық


    ©
    Photo : Предоставлены пресс-службой ДП города Алматы

  • Рұқсат етілмеген митингілерге дайындық

    Рұқсат етілмеген митингілерге дайындық


    ©
    Photo : Предоставлены пресс-службой ДП города Алматы

1 / 3


©
Photo : Предоставлены пресс-службой ДП города Алматы

Рұқсат етілмеген митингілерге дайындық

«Қазіргі таңда осы қылмыстық іс бойынша тергеу шаралары жалғасуда. Кейбір күдіктілер кінәсін мойындады. Сонымен қатар тыйым салынған экстремистік қозғалыстың басқа қатысушыларына қатысты әкімшілік шаралар қабылданды», — деп хабарлады полиция.

Ұсталғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық кодекстің 405-бабына (Экстремистік ұйымның қызметіне қатысу) сәйкес жүргізілуде.

 



sputniknews.kz