Досаев несие беруді шектеу мәселесін көтерді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Ұлттық банк төрағасы Қазақстандағы тұтынушылық кредиттердің 9 проценті тойға алынатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Бүгін сенаттың жалпы отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев кредит төлей алмайтындарға қарызға ақша беруді шектеу мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бас банкирдің айтуынша, мәселе арнайы заң жобасында қарастырылған. Атап айтқанда, табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтар үшін кепілсіз тұтынушылық кредит алуға шектеулер енгізіледі.

«Заң бар. Енді, ұлттық банк оны іске асыру аясында ішкі нормативтік актілерді қабылдайды», — деді Досаев.

Тағы оқыңыз: Дариға Назарбаева оңтүстіктен келген әдемі келіншекті таныстырды

Осыдан кейін спикер Дариға Назарбаева «той кредиттері» туралы сұрады. «Ал үйлену тойына алынатын кредиттерге қалай қарайсыз?», — деді спикер.

Банк төрағасының айтуынша, Қазақстанда берілген тұтынушылық кредиттердің 9 проценті – «той кредиттері».

«Оған ешкім шектеу қоймайды. Әрине, табыстың тиісті деңгейі болуы қажет. Дариға Нұрсұлтанқызы, бұл – әрбір отбасының жеке шешімі. Өкінішке қарай, бізде ондай кредиттерді ата-аналар алады, ал балалары қайтарып жатады. Сөйтіп, кредит оларға ауысып кетеді», — деп атап көрсетті Досаев.

Бас банкирдің сөзіне қарағанда, биыл халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру шараларына басымдық беріледі.

«Өйткені алған кредитті қайтару қажет. Әрине, «той кредитіне» тыйым сала алмаймыз. Дегенмен, біз осы кредиттердің саны мен көлемін реттеуді көздейміз», — дейді Досаев.



sputniknews.kz