Жеке адамдар арасындағы қарым – қатынас
Жоспар
Кіріспе
I Әдеби шолу.
1.1. Жеке адамды зерттеудің мақсат – міндеттері және оның қоғамдық мәні.
1.2. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуы және психологиялық
сипаттамалары.
II Негізгі бөлім.
2.1. Халық психологиясындағы жеке адамның тәрбиелік ерекшеліктері.
2.2. Жеке адамдар арасындағы қарым – қатынас психологиясы.
III Жеке адам психологиясының мәні.
3.1. Жеке адамның кісілік сипаттары мен психологиясының құрылымы.
3.2. Жеке адамның бағыт – бағдары және оның түрлері мен психологиялық
ерекшеліктері.
3.3. Мінез және адамның жас сатылары.
Қортынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Қосымшалар.
Кіріспе.
Жеке адамдар арасындағы қарым – қатынас ойлай және сезіне білетін
адамдар арасында шынайы өмірде қалыптасатын қарым – қатынастардың нақ өзі.
Адам адаммен қарым – қатынас жасаған кезде олардың арасында,
жалпы барлығында да ортақ қызығушылық, мақсат, зат, идея т.с.с пайда
болады.
Бала алғаш өмірге келгеннен бастап, адамдармен түрлі қарым – қатынасқа
түседі, сөйтіп өмір тәжірибесін, қалыптасқан дәстүр – салтты, мәдени мұраны
т.б. меңгере бастайды. Адам адамдар қоғамынсыз өмір сүре алмайды.
Біздің қоғамымызда жеке адамның алатын орны мен атқаратын
қызметі орасан зор. Еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаевтің Қазақстан
халқына жолдауында Адам ресурстарын дамытуға баса назар аудара отырып,
Ана,бала, аға ұрпақ мәселесіне жете көңіл бөлген.
Біздің стратегиямыздың маңызды мәселесі – қоғамның ең бір
әлсіз қорғалған мүшелерінің: балалардың, олардың аналарының және аға
ұрпақтың өмірін лайықты қамтамасыз ету. Мемлекет бұл мәселелелерді шешу
үшін қаражатты аямайтын болады.
Еліміздің өсіп келе жатқан бітімгершілік әлеуеті алдағы
уақытта да мұқият сақталып, дамытыла берілуі тиіс.
Жеке адам дегеніміз өзі кім?
Жеке адам деп көп жағдайда дербес, нақты адамды айтады. Ол — белгілі
қоғамның мүшесі, ол қандай да болмасын бір іспен айналысады. Оның азды –
көпті тәжірибесі, білімі, өзіне тән іс — әрекеті болады. (Қосымша 1)
Жаңа туған нәрестені адам деуге болады, бірақ жеке адам
емес. Өйткені жеке адам қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі бір
қоғамдық роль атқарады. Роль жеке адамның қызметі. Жеке адам қоғамнан тыс
өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым –
қатынас жасау процесінде қалыптасады. Қоғамнан, әлеуметтен тыс адам
өмірінің болуы мүмкін емес. Кез – келген адам қандай да болмасын белгілі
бір топқа кіреді.
Диплом жұмысымдағы зерттелетін мәселе — жеке адам және
қарым – қатынас болғандықтан және ол әлеуметсіз өмір сүріп дамымайтындықтан
топтарға қысқаша тоқталғанды жөн көрдім.
Кез – келген жеке адам белгілі бір топқа кіреді. Жеке адамдар
мен топтар күнделікті өмірде басқа да әртүрлі топтармен, адамдармен істес
болып, өзара тығыз қарым – қатынас жасайды. Ол адамның қызмет немесе оқу
орнындағы сондай – ақ өмір сүретін ортасындағы адамдардың топтары болуы да
мүмкін. Жеке адамның өзі де қоғам мүшесі, әрі әлеуметтік тұлға.Сондықтан ол
белгілі топқа жатады.
Шартты топтар әлеуметтік психологиядағы топтың екі түрі бар.
Шартты топқа жататындарды зерттеуші олардың белгілі бір тұрақты қасиетіне
қарай ажыратады. Бұл топтағы адамдардың, мысалы, жас ерекшеліктеріне,
ұлтына, мамандығына сәйкес бөлінуі мүмкін.
Байланысты топ – белгілі кеңістік пен мерзім арасында мақсат – мүдделерді
бірлігіне сәйкес біріккен адамдар тобы.
Топ болып бірігуі олардың еркінен тыс сыртқы факторларға байланысты.
Шағын топ — тұрақты, құрамы жағынан көп емес, мүшелері бір –
бірімен тікелей қатынам жасай отырып, ортақ мақсатқа ұмтылған адамдар тобы,
мысалы, оқушылар, самолеттегі экипаж мүшелері. Шартты адамдардың тек қағаз
жүзінде ғана бар қайымдастығы, мысалы, спорт тақырыбында жазатын
журналистер, әлемнің таңдаулы футболшыларын бір тізімге топтастырады. Олар
бірігіп жұмыс істемейді, тек қағаз жүзінде топтастырылады. Нақты топ –
адамдармен бір – бірімен өзара қарым – қатынас және байланыс жасай отырып,
алға қойған мақсат – міндетін орындауға жұмылған адамдар тобы, мысалы,
ұстаздар, дәрігерлер ұжымы.
Ресми топ – мұнда мінезі, темпераменті, икемділігі, қабілеті, түрлі
психикалық жағынан ерекшелігі маңызды орын алады. Қағаз жүзіне бағынады.
Ұнату, сыйласу, достасу топты нығайтады.
Ресми емес топ – отбасы мүшелері, дос- жаран, ағайын – туыс.
Көзқарасы бірдей, бауырласқан адамдар.
Референт топ – талаптары үлгі болып саналатын, ақиқат өмір сүруші
немесе қиялдағы топ. Әрбір адамды ерекше қастерлеп, қадір тұтатын, оған әр
кез бағыт – бағдар сілтеп отыратын топ.
Топтардың даму деңгейі – ұжым. Қоғамға пайдалы қызметке, ортақ
мақсатқа жұмыла еңбек ететін және психологиялық тұрғыдан топтасқан адамдар
тобы.
Бұдан шығатын қортынды, жеке адам – кісінің әлеуметтік сипаттамасы.
Дамудың мұндай деңгейінде адам өзінің алдына өмірлік маңызды мақсаттар
қойып, оларды орындай алады, онда жеке көзқарас пен қарым – қатынас,
өзіндік моральдық талаптар мен бағалаулар пайда бола бастайды.
Жеке адам – психикалық және әлеуметтік дамудың белгілі деңгейінде өз
мінез – құлқы мен іс — әрекетін басқара алатын, тіпті белгілі дәрежеде, өз
психикасының дамуын тізгіндей алуға қабілетті адам.
Даралық – жеке адамның өзіне тән айрықша бір сипаттамасы. Мұны әр
адамның психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас ұштасуы деп түсінген
жөн. Даралық – адамның басқалардан ажырататын өзіндік ерекше өзгешелігі.
Әрбір адам айналадағы дүниені өзінше түйсініп, қабылдайды, оның есінің,
зейінінің өзіне ғана тән ерекшеліктері бар, құштарлығы мен өзіндік қиялы,
өз қызығуы мен ұнататыны, көңіл – күйінің ерекшеліктері, азды – көпті
эмоциялық тебіреністері, күшті не нашар дамыған ерік – жігері, түрлі мінез
бітістері болады. Адамның ішкі жан – дүниесі, яғни қол жеткізгісіз мені
ең тереңде жататын барынша нәзік те қиын бағдарланатын өлшем.
Жеке адамның ішкі жан – дүниесі сол адаммен бірге туып, дамып
жетілетін оның өзіне ғана тән нәрсе.
Әр адам күрделі ішкі жан – дүниесі, даралық қасиеті тек қана оның
басындағы қасиет емес, сондай – ақ өзін қоршаған адамдардың әрқайссының
басында бар екенін түсініп, қашан да есінде ұстаған жөн. Егер қасымдағы
адам менен өзгеше болса, ол менен жаман адам деген қортынды шықпайды. Ол
жай басқа адам, сондықтан да өзіндік ерекшеліктерімен, жақсы, жаман
жақтарымен қоса, оны, басқа адамды, түсінуге тырысу қажет.
Біздің басты оң игіліктеріміздің ішінде – халқымыздың, немесе
былайша айтқанда, адам ресурстарының сапасы тұр. Біздің ғылыми және
шығармашылық әлеуетінің деңгейі жоғары білім өресі биік халқымыз бар.
Көптеген елдерде бұл жоқ, әрі олар осындай сапаға жетуді өздерінің
стратегиялық мақсаттарының бірі санайды. Мұның өзі — біздің халқымыз бен
бұрынғы жүйенің аса ірі жетістігі. Біз қолымыздағы осындай баға жетпес
капиталды жан – жақты дамытуға және оның дамуы үшін барған сайын жаңа әрі
неғұрлым өркениетті жағдай туғызуға тиіспіз.
2030 жылдың азаматтары мемлекеттің өздерінің құқықтарын
қорғайтынына және мүдделерін биік ұстайтынына сенімді болады. Бұл ретте
олар қолайсыз жағдаяттар себебімен өмірден өз орнын таба алмай, мемлекетке
әлеуметтік көмек сұрап жүгінуге мәжбүр болған аз ғана адамдарға да
мемлекеттің қамқорлық жасайтынын білетін болады.
Ғылыми ақпарат.
Тақырыбы: Қарым – қатынаста жеке адамның психологиялық
ерекшеліктерін ескеру қажеттілігі.
Мақсаты: Жеке адмның дамуында психологиялық ерекшеліктерді
ескерудің
қажеттілігін көрсету.
Міндеттері: 1. Адамның психологиялық әдеттерін, талдау, саралау.
2. Тұлғаны зерттеудің жолдары.
3. Жеке адамның психологиясын түзету,
тәрбиелеу барысы.
Зерттеу объектісі: Қарым – қатынастағы жеке аданың психологиялық
ерекшеліктері.
Зерттеу пәні: Психологиялық ерекшеліктерін анықтау, түзету
жолдары. Ғылыми болжам: Қарым – қатынас барысында жеке адамның
психологиялық ерекшеліктеріндегі кемшіліктерді түзеуге болады.
Зерттеу әдістері: Әдебиеттерді талдау, саралау, жеке адам
психологиясын диагностикалау.
I Әдеби шолу.
1.1. Жеке адамды зерттеудің мақсат – міндеттері және оның қоғамдық мәні.
Адамдарды зерттейтін ғылымдар ішінде психологияның алатын орны айрықша
және ол – адамтану ғылымдары жүйесіндегі жетекші пән. Психология адамның
даралық сираттарын қарастырып, оның кісілік қасиеттерін өрістетуді мақсат
етіп қояды.
Табиғаттағы ақыл – ой мен сана иесі – адамның өзіндік сипат белгілері-
оның еңбектену әрекеті, нәтижесінде материалдық игіліктерді өндіретіндігі,
дыбысты анық сөйлеу тілі арқылы қарым – қатынас жасап, әлеуметтік ортада
тіршілік ететіндігі. Осындай белгілеріне байланысты адам хайуанаттар
дүниесінен ерекшеленіп, эволюциялық дамудың ең жоғарғы сатысына көтеріледі.
Өзін қоршаған ортаға белсенді түрде ықпал етіп, дүние сырын танып – білу
иесіне айналады.
Адам бойындағы даралық қасиеттер оның өзгелерге қарым –
қатынастарынан байқалады. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа туған нәресте де,
ересек адам да, ақыл – есі ауысқан жынды да дара адам болып саналады.
Осындай ерекшеліктерімен қалыпты дамыған, өмір тәжірибесі мен өзіндік
қасиеті, әлеуметтік ортада өз орны бар адам жеке адам деп аталады.
Жеке адамның азаматтық, кісілік, тұлғалық қасиеттері болады.
Жеке адам қоғамдық өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым –
қатынас жасайды. Осындай іс — әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық
сипаттары сомдалады, қадір – қасиеттері қалыптасады.
Жеке адамның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс —
әрекеттегібелсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Адамның белсенді қимыл —
әрекеті оның мінез – құлқынан, ниет – тілегі мен бағыт – бағдарынан айқын
байқалады. Ниет – тілектердің мәні адамның тіршілігінен, іс — әрекет
түрлерінен, әлеуметтік ортада атқаратын қызметі мен ісінен айқын көрінеді.
Сөйтіп, жеке адамның ішкі дүниесін, психикасын сыртқа білдіріп тұрады.
Адамның тіршілік ортасы үнемі өзгеріп те, өзгертіліп те отырады. Жеке
адам бойындағы сапалық ерекшеліктері мен оның психологиялық дара
өзгешеліктерін білдіретін қасиеттер – темпераменті мен мінезі, психикалық
процестерді басынан кешіруі, сезім күйлері мен іс – қимылы және қабілеті
бірдей адамдар жоқ. Даралық сапалар тарихи қалыптасып, жеке адамның кісілік
қасиеттерін құрайды. Әрбір адамның мінез – құлық ерекшеліктері де
әлеуметтік ортада дамып жетіледі. Сондықтан, біз жеке адамды қоғам мүшесі
ретінде санап, оның әлеумет өміріне ықпал етіп отыратын белсенділік
әрекетін де ескереміз. Мінез бітімі, темперамент ерекшеліктері, ақыл – ой
сапасы, қызығуының басты бағыты әрбір дара адамның өзіндік психологиялық
тұрақты бейнесін жасайды. Әртүрлі құбылмалы жағдайларда адамның бір қалыпты
бейнесін осындай тұлғалық қасиеттері көрсетеді. Сондай – ақ, мұндай,
тұрақты қасиеттер жеке адамның жан дүниесі құрылымындағы даралық тұлғаны да
бейнелейді. Адам бойындағы тұлғалық қасиеттер қоғамдық тәрбие нәтижесінде
өзгеріп те, жаңа сапаларға ие болып та отырады.
Жеке адамның тұлғалық сипаттарында ерекше байқалатын екі түрлі
ерекшелік бар.
Оның бірі — әрбір адамның құрылым мен жеке басындағы даралық сипаттар.
Бұл – адамдардың типтік мақсаттарымен байланыстытеориялық мәселе.
Екіншісі – сол типтерден туындайтын және жеке басқа бағынышты
азаматтық ерекшеліктер. Бұл мәселе осы заманғы психологияда айрықша маңызды
деп саналатын биологиялық және әлеуметтік факторларға негізделе отырып
қарастырылады. Биологиялық фактор – адамға туа берілетін табиғи анатомиялық
және физиологиялық қапсиеттер, ал әлеуметтік фактор – адамның дамып
жетілуіне тіршілік ортасының, қоғамның, тәлім – тәрбие істерінің әсері. Осы
екі фактор адамның психикалық дамуында бірін – бірі толықтырып отырады.
Адамның өзіндік психологиялық сипатын зерттеуде ерекше орын алатын іс-
әрекет түрі – оның белсенділігі. Белсенділік іс — әрекетпен, оның бағдар –
мақсатымен, өмір тіршілігімен тығыз байланысты. Іс — әрекеттің белсенді
болуы жайында психологияда әр – алуан көзқарастар, пікірлер бар.
Соның бірі — Австрия ғалымы З.Фрейдтің пікірі. Ол адамның
белсенділігі инстинктті әрекеттеріне , соның ішінде жыныстық еліктеу мен
өзін — өзі сақтау инстинктіне байланысты дейді. Адам мұндай инстинкттерге
шек қойып, оларды тежейді, өз бойындағы күш – қуатын сақтап, оны басқа
мақсаттарға, мәдени қажеттіліктерін өтеуге жұмсайды. Сөйтіп, ол өзінің
мінез – құлқын саналы түрде басқарады. Алайда, З.Фрейд пен оны жақтаушы
зерттеушілер адамның белсенділігі сол жыныстық еліктеудің шеңберінен шыға
алмайды деп Эдип комплексі дейтін мәселе көтеріп, ерте замандағы грек
жазушысы Софоклдың Эдип патша шығармасының сарынын уағыздайды.
Ғылыми зерттеулерінде кемшіліктер болғанымен де З.Фрейд адам
бойындағы белсенділік әрекеттің табиғи әрі биологиялық құбылыс екендігін
дәлелдеп беруінің өзі үлкен жаңалық. Дегенмен, оның белсенділік әрекетінің
қозғаушы күші жыныстық қатынастарға сәйкес дамиды дейтін пікірін көптеген
шетелдік психологтар орынсыз деп санады. Атап айтатын болсақ, А.Кординер,
Е.Фромм, К.Хорни Фрейд көзқарастарының кемшілігін ашып көрсете алмаса да
өздерінше жаңа фрейдизм деген ағымды тудырды.
Жаңа фрейдизм ағымы адам тіршілік еткен ортасына тәуелді болып,
сол ортаға бейімделгіш келеді деп санады. Жаңа фрейдшілердің ойынша,
тіршілік ортасына бейімделген адам әлеуметтен өзінің ғашығын іздейді,
соған ұмтылады, билік үшін күресте беделге ие болады, адамдар тобының
ырқына көніп, мақсатына жетуге талпынады. К.Хорни адам қоғамнан аулақ
болып, ғашығымен мұңдасып, оңаша сырласқысы келеді дейді. Сөйтіп, жаңа
фрейдшілер адамның белсенділігін асыра дәріптеп, оған мистикалық өң
береді. Ал шын негізінде адамның белсенділік іс — әрекеттері ғылыми –
материалистік тұрғыдан қарастырылуы тиіс болатын. Белсенділік әрекет
адамның қажеттіліктерін қанағаттандырып, мұқтаждықтарын өтеу әрекетімен
ұштады. Қажеттілік – адам белсенділігінің негізгі себебі және іс —
әрекетке итермелеуші күш.
Қажеттілік қоғамдық тәлім – тәрбие ықпалымен қалыптасып, адамның
материалдық, рухани, қоғамдық мұқтаждықтарын қанағаттандырады. Мұндай
қанағаттандыру қоғамдық – даралық сипатта болып, қажеттілік тектік
белгісіне орай табиғи және рухани — мәдени, ал сол заттарды ұстап – тұтыну
сипатына қарай материалдық және рухани қажеттіліктері болып бөлінеді.
Материалдық – заттық қажеттіліктерге тамақ, киім – кешек, тұрғын үй,
тұрмыс заттары жатады. Рухани қажеттілік адамның басқа адамдармен
әңгімелесіп, пікір алысу, білімін көтеріп, кітап, газет, журнал оқуы, өнер
түрлерін үйренуі т.б. мұқтаждықтарын қанағаттандыру арқылы жүзеге асады.
Қажеттіліктер тегі мен адам санасының тарихи дамуына орай және оларды
тұтыну объектісіне сәйкес түрлі болып бөлінеді.
Адамның көптеген психологиялық ерекшеліктері, оның өмір сүретін
ортасына қоғамдық қатынастардың тікелей әрес етуінен қалыптасып отырады.
Адамның айналасын қоршаған дүние үнемі өзгеріп отыратындықтан осымен
бірге оның түрлі ерекшеліктері де дамып, өзгеріп отырады. Мұндай қасиеттер
адам өмірге келісімен пайда болмайды. Адам белгілі дәрежеде өсу, жетілу
процесінде дамиды.
1.2. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуы және психологиялық
сипаттамалары.
Адам белгілі қоғамның мүшесі, ол қандай болмасын бір іспен айналысады,
оның азды – көпті тәжірибесі, білімі, өзіне тән өзгешеліктері болады. Осы
айтылғандардың жиынтығы оны жеке адам етеді. Мәселен жаңа туған
нәрестені адам деп атауға толық болады, бірақ әлі де жеке адам емес.
Өйткені, онда жоғарыда аталған компоненттер: тәжірибе, білім, іс — әрекет
т.б. жоқ.
Жеке адамның өзіндік ерекшелігі дүниетанымынан, сенімінен, талғам,
мұратынан, бағытынан, қабілет, қызығуынан жақсы байқалады.
Жеке адам – тарихи әлеуметтік жағдайдың жемісі. Ол әлеуметтік ортада
(белгілі қоғамда, коллективте) ғана қалыптасады. К.Маркстің айтуынша, жеке
адам – барлық қоғамдық қатынастың жиынтығы. Жеке адам қоғамнан тыс өмір
сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым –
қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам
белгілі мазмұнға ие болады. Жеке адам санасының дамуы қоғамның дамуымен
байланысты. Қоғамнан әлеуметтен тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.
Жеке адамды қандай болмасын әрекетке итермелейтін негізгі қорғаушы
мотив – оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адамның
қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету процесінде қалыптасады. Сыртқы
ортамен байланыс жасауда адамның өмір сүруі үшін ең алдымен ерекше маңыз
алған материалдық қажеттер (тамақ, баспана, киім, еңбек құралдары т.б.)
болады. Адам баласының тарихи даму жағдайында туған еңбек әрекеті еңбек
құралдарымен пайдалану секілді негізгі материалдық қажеттері біртіндеп
дами келеді. Адам қажеттерінің дамуы – тарихи дамудың елеулі бір кезеңі.
Олар адамның алдына әр түрлі мақсаттар қойып отыруына себепші болады. Адам
өмірі үшін рухани қажеттерді өтеп отырудың да маңызы зор. Осындай
қажеттердің өтелуімен адам көп қиыншылық көреді, өйткені бұл оның сана –
сезімінің өсуіне кедергі келтіреді.
Осы уақытқа дейін адамның дамуы мен қалыптасу жағдайында әр түрлі
пікірлер айтылып келді. Атақты грек философы Платон мен Атистотель адамның
дамуын алдын – ала тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деп
дәлелдеген. Жеке адамды жан – жақты дамыту және тәрбиелеу жайлы ең алғаш
рет ғылыми тұрғыдан дәлелдеген К.Маркс, Ф. Энгельс болған. Олар қоғамның
даму заңдылықтарын ашып, адам баласының прогресс жолымен алға басуының
мақсаты қоғамды орнату деп ашып көрсетеді. Даму жеке адамды жетілдірудің
өте күрделі және диалектикалық процесі, баланың адамгершілік, әуестік,
белсенділік және батылдылық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады.
Өйткені оның оның дамып жетілуіне белгілі әлеуметтік орта мен тәрбие әсер
етеді.
Даму мен тәрбие процесінде түрлі өзгерістер болып отырады. Павловтың
ілімі бойынша, даму — ішкі нерв процесінің және сыртқы жағдайларының өзара
әрекеттесуі, айналадағы шындықтың адамға ықпал етуі. Адамның дамуы өте
күрделі пороцесс. Адамның дамуына әлеуметтік және табиғи орта ықпал етеді.
К.Маркс және Ф.Энгельс адамның практика процесінде ортаға белсенді әсер
ететін өз өмірін қалауынша реттей алатын жағдайын дәлелдеп көрсетті. Жеке
адамның дамуындағы басты факторлардың бірі – тәрбие.
Жеке адам — әлеуметтік қатынастар мен саналы іс — әрекетті жүзеге
асырушы нақты қоғамның мүшесі. Өзін басқалардан ажырата білетін өзінің кім
екенін түсінетін есі кірген ересек адам. Адам қоғамнан тыс тәуелсіз өмір
сүре алмайды. Өйткені оның тәні де, жаны да, айналасындағылармен қарым –
қатынас жасау үстінде тек әлеуметтік әсер жағдайында ғана адам кісілік мән
– мағынасына ие болады. Адам санасының дамып, өсіп – жетілуі оның ортасымен
(отбасы, мектеп т.б.) тығыз байланысты. Әлеуметтік әсері тимейтін
әлеуметтік құрықтан шығып кететін ешбір адам болмақ емес.
Жеке адам оның мұқтаждықтары туралы теориялар өте ерте кезде Грецияда
п.б. Ең әдепті кезде п.б. жайылған теориялардың бірі – материалистік
теория. Мұны жақтаушылар Греция философтары Аристарах, Этекур бұл теория
бойынша адамның әрекеттері қылықтары оның жағымды сезімдерге ұмтылып,
оларды қайтарып тастаумен байланысты. Олардың айтуы бойынша адам өзінің
тұрмысына, тіршілігіне әрқашанда сезімді тудырып, сол сезімдер үшін әрекет
ету, соған ұмтылу жөнінде жағымсыз сезімдерді жоюға талпынады.
Бұл теорияны жақтаушылар 18 ғ Француз материалистері, ағартушылары
болып табылады. Олар жағымсыз сезімге қарсы шығып, дүниенің ең қызығы ешбір
алаңсыз өмір сүріп, дүниенің бар қызығушылығын көріп қалу, сол себептен
адамдар өздерінің тұрмысына жағымды сезімдерге көбірек ұмтылып, оларды
қайтарып тастау керек дейді.
Француз психологтары мұқтаждық туралы физиологиялық теорияларға негіз
салды.
Адамның мұқтаждығын, қанағатын адамның орнынан басқа мұқтаждық қолда
болды. Оның өмір сүруіне әрекет етуіне өте керекті шарт болып табылады.
Мұқтаждық я қажеттілік адамның болсын қоғамдық болсын прогрессивтік түрде
өсіп алған дамып кетуіне өте керекті болып табылады. Адам өмір сүруіне
керекті жағдайларды және негізгі мұқтаждықтарды 2 – ге бөлуге болады.
1. Материалдық мұқтаждықтар. Оларға айрықша баспана киім – кешек
т.б. Осы сияқты нәрселер еніп отырады.
2. Рухани мұқтаждық. Бұларға адамның басқа адамдармен қатынасы
қоғамда болуы, бостандықта болуы, өзін еркін сезінуі т.б. кіреді.
Адамның мұқтаждығы адамның әрекетін меңгеріп, басқарып отырады.
Ынтығу, құмарту. Адамның қызығуларын соқыр сезімге алып барып теңейді.
Адамның қызығулары ерте бастан нәсіл арқылы соқыр сезімдер, инстинкттер
ретінде ата – анасынан баласына көшіп отырады. Қызығу мұқтаждықта
болмайды.
Бірінші теория қызығуды биологиялық жақтан түсіндірсе, екіншісі –
меналистік биксоризм (қылық психологиясы) принципімен араластырады.
Қызығу оқу, тәрбие жұмысында өте керекті шарттар болып табылады. Олар неге
қызығатынын ерте бастан ескеріп, алдына мақсат қойып, сол мақсаттарын
жүзеге асыру үшін әрекет етеді. Олардың белсенділігін арттырып, көңіл –
күйін де көтереді. Сол себептен жоғарғы класс оқушыларының арасындағы
мамандық таңдау мәселесі жөнінде түрлі мәселелерді әңгімелер жүргізіп,
балаларға әрбір мамандықтың қандай екендігін, оның айрықша өзгешелігін
түсіндіріп отыруы қажет және оларды жоғарғы оқу орнына алып барып ондағы
факультет, лабораториялармен таныстырып отырған жөн. Балаларды
тәрбиелегенде мынадай жағдайларды ескерген дұрыс.
1. Балаларда танымдық қызығулар дами және оқу сапасын жақсарту керек. Оқу
мазмұнды, идеялар тартымды келген жөн.
2. Баланың көркем әдебиетті көбірек оқу жағын қарастыру керек, себебі осы
арқылы оқушылар көп нәрсемен танысады, көп білім алады, сөйтіп, оқуға
деген қызығуы артады.
3. Баланың өз бетімен дербес жұмыс істейтін жағын үйретіп, олардың оқуының,
еңбегінің мәдени түрде жүзеге асыру жағын қарастырып отыруы қажет. Түрлі
шараларды көлденең қолданып мұғалімдермен баланың сабағының артта қалмауын
қарастырған жөн.
4. Баланың білімі әруақытта жүйелі түрде де бағаланып отыруы тиіс. Бағаның
нәтижесін өздеріне айтып, талапты, зерек балаларды мадақтап отырған дұрыс.
5. Мұғалім балалардың оқуын, тәртібін бағалау мәселесіне жауапты қарағаны
жөн. Мұғалімнің оқушыға қандай қате бағасы, оларға қатты әсер етеді,
олардың көңілін қалдырады. Мұндай жағдайда бала сабағын дайындамайтын және
мұғалімге сенбейтін болады. Мектеп жасына дейінгі баланың қызығулары оның
әрекетіне байланысты болғандықтан, онша тұрақты болмайды. Олар бүгін бір
нәрсеге, екінші күні екінші нәрсеге қызығуы мүмкін.
Бұл жастағы балалар көбінесе өзіне лайықты әсер еткен заттарға көңіл
бөліп қызығып отырады. Мектеп жасындағы балалардың қызығулары тұрақтала
бастайды. Олар әр нәрсеге әуес болуы, көп заттарды білгісі келіп, ол зат
неге олай екенін түсінгісі келеді. Көбінесе жүзеге асатын заттарға,
болмыстарға қызығады, бұлардың қызығуы тұрақты келеді.
Жеке адамның психологиялық бейнесін немесе адамның психологиялық
құрылымын зерттеп білу басты үш мәселені қамтиды. (Қосымша 2)
1. Адам өмірден нені қалайды, оған не нәрсе тартымды, қызықты, ол не
нәрсеге талпынады? Бұл жеке адамның бағыттылығы туралы, оның қажеттіліктері
мен мүдделері туралы мәселе.
2. Оның қолоынан не істеу келеді? Бұл – адамның қабілеттері туралы
мәселе.
3. Мұның өзі кім, қандай адам? Бұл – мінез бітістері туралы мәселе.
Үш мәселенің әрқайсысының мән – мағынасын түсінуде оны дербес
ашып көрсету қажет.
Жеке адамның бағыттылығы. Жеке адамның бағыттылығы негізінде, оның
белсенділігінің басты көзі болып табылатын қажеттілік жатыр. Қажеттілік –
адам организмінің тіршілігін сақтау үшін, оның жеке басының дамуы үшін
қажетті мұқтаждықтарын сезініп, қамдануы.
Бұл жерде біздің организміміздің мұқтаждықтарымен байланысты табиғи
қажеттілік (аштық, шөлдеу, жыныстық қажеттіліктер), әлеуметтік (белгілі
топқа жатуы, тиісті бағалану қажеттілігі т.б.) және рухани (білімге,
өнерге, шығармаға т.б. талпыну) қажеттіліктер туралы сөз қозғауға болады.
Жеке адамның қалыптасуы мен оның қажеттіліктерінің дамуымен
байланысты. Жеке адамның неғұрлым елеулі қажеттіліктеріне басқалармен
қарым – қатынас жасау, басқа адамдардың сеніміне ие болу, еңбекті,
махаббатты, достықты керексіну, ұжымда лайықты орын алу, рухани даму
қажеттіліктері жатады. Әрбір адам қажеттіліктердің қайталанбас ұштасуымен
сипатталады. Жеке адамның қоғамдық құндылығы көп жағдайларда онда қандай
қажеттіліктер басым екендігімен, адам не үшін өмір сүріп,
әрекеттенетіндігімен анықталады.
Психолог А.Н. Леонтьев Жеке адам тек тұтыну аясында ғана дами
алмайды, оның дамуы шексіз – шетсіз қажеттіліктердің ауысып – алмасуына да
тәуелді болады — дейді.
Адам қажеттіліктері оның қылықтары мен іс — әрекетінің ішкі
түрткілеріне, яғни себептеріне айналады. Адамның кез – келген нақтылы
әрекетіне талдау жасағанда қашан да қылықтары мен әрекеттерінің себептері
жайлы сөз болады. Біз адамның мінез – құлқының себептерін, оның не үшін
осылай істегендерін білмейінше, оның белгілі бір қылығына ешқашан баға
бере алмаймыз. Сырттай біркелкі көрінгенімен, мінез – құлықтың себептері
түрліше болуы мүмкін. Мәселен, кітапты оқу үй тапсырмасын орындау үшін
ғана қажет, ал қызғылықты екен, басқалар оқып қойыпты мен олардан кеммін
бе дейтін жағдайларда қорқыныш сезімінен туындайтын ынта мен борыш жақсы
баға немесе мақтау алуға талпыныс түрткілері бірдей емес.
Себеп адамның не үшін күш жұмсайтындығынан байқалады. Мәселен, белсенді
қоғам жұмысын әртүрлі мақсатпен орындауға болады: өзіңнің қоғамдық
борышыңды өтеу, сынып, мектеп өмірін қызғылықты ету, айналадағы адамдарға,
жолдастарға жәрдемдесу, өзіңнің қабілетіңді сынап көру жолында қандай да
болмасын бір істі ұйымдастыру, шара қолдану, жолдастарың арасында
жетекшілік жағдайға ие болу т.б. үшін.
Адамның бүкіл мінез – құлқы секілді, оның әрекетіне бір мезгілде бірнеше
түрткі болады. Мұндайда негізгі, жетекші себепті табу қажет болады.
Жеке адамның негізгі қасиеттері де адамда қандай бір қажеттіліктер мен
себептердің басым болатынына байланысты, өйткені адамның кез – келген
қасиеттерінің негізінде қажеттіліктің белгілі бір түрі жатады.
18 ғасырдағы энциклопедигі Д.Дидро адамның адалдығы не арам пиғылдығы
оның ісінен ғана емес, сондай – ақ оның талап – тілегінен де аңғарылады
деген. Жазушы оқырмандарға өз қаһарманының жеке басының мәнін, оның ішкі
жан дүниесін, рухани бейнесін ашып беру үшін өз кейіпкерінің жекелеген іс —
әрекетін көрсетеді, осындай істерге бастаған себептер туралы қайтсе де
баяндап береді. Адамдар мен олардың өз ісіне қалай қарайтындарының
себептерін салыстыруға болады.
Одан әрі жеке бастың біртұтас бағыттылығының әр жағы ретіндегі оның
қызығуын, талпынысын, мақсатын, сенімін, дүниеге көзқарасын сипаттау керек.
Қызығу адам үшін әрқашан эмоциялық тартымдылық тудыратын бір затқа
бағытталады. Адамның қандай да бір нәрсеге – оқуға, ғылымға, өнерге,
спортқа, еңбек әрекетіне қызығуы соған сай іс — әрекетке талпындырады.
Қызығу ең алдымен зейіннен көрінеді, расында да біз көргіміз
келгенде ғана жақсы көреміз, еске қалдырғымыз, түсінгіміз, байқағымыз
келгенде ғана жақсы есте қалдырып, түсініп, байқай аламыз.
Егер адамда қызығу күшті болса, оның жұмысы нәтижелі және жеңіл
орындалады, өйткені оның зейіні сол іске мықтап ауады.
Адамдардың біреулері қызығады, екіншілері тіпті қызықпайды, бәрінен де
осынысымен ерекшеленеді. Қызығудың болмауы немесе олардың жұтаң,
мәнсіздігі жастардың өмірін солғын әрі мазмұнсыз етіп, жеке басының толық
қалыптасуына кедергі келтіреді. Олардың үйде де, мектепте де жолдастарымен
болған кездерінде де іші пыса бастайды. Бұндай балалар оқуға ықылас
қоймайды, істеген ісінен қанағат таппайды, тек құтылсам болды деп санайды,
өздерін ылғи да біреу көңілдендіріп отыруды қалайды.
Қызығудың молдығы адамның талап – тілектерінің жан – жақтылығын
көрсетеді. Мүдделілік адамның іс — әрекетінде қалыптасып, бекиді.
Біз тікелей қажетсінген мұқтаждықтарды өтеуді ғана ойластырып, бізді
қазір ғана қызықтырған іспен айналысамыз. Бізде борыш туралы, бізге
жүктелген міндет туралы моральдық түсінік қалыптасқан. Адамның мінез –
құлқын реттеп отыратын түсініктер – сенім ьолып есептелінеді. Сенім жеке
адамның аңғартылған қажеттіліктерінің жүйесі, бұл оны белгілі өз көзқарасы
мен принципі бойынша әрекеттенуге итермелейді.
Қабілеттілік. Бұл – іс — әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай
орындаудан көрінетін жеке адамның ерекшелігі, қабілеттілік адамның басқа да
психикалық қасиеттері сияқты өмір мен іс — әрекет процесінде дамып,
қалыптасып отырады. Адамға тумысынан берілетін тек нышандар ғана, ал
олардың белгілі жағдайда шешек атып, жарылуы не өшіп кетуі де ықтимал.
Қабілет пен қызығудың арасында тығыз байланыс бар. Қандай да болмасын
бір затқа қызығу іс — әрекеттің белгілі бір түріне ұмтылдырады, демек,
қабілеттің дамуына жағдай жасайды.
Адамның пәрменді, қызыққан іс — әрекеттерінен тыс қабілеттің қалыптасуы
мүмкін емес.
Қабілеттің бірі – жалпы қабілеттілік, оған тән қасиет көбінесе білім мен
іс — әрекет көпшілік саласына көрінеді. Және арнайы қабілет іс — әрекеттің,
білімнің қандай да бір саласынан ғана байқалады. Мектептегі сабақтардың
бір – біріне ұқсас келетін жақтары болатыны, бұлардың оқушының ісі мен
зейініне, ойлау ерекшеліктеріне біркелкі талап қоятыны да түсінікті.
Дегенмен кейбір сабақтар адамнан кейбір сапаларды, мәселен, кеңістікті
қиялдай білуді ерекше қажет етуі мүмкін. Арнаулы қабілеттер адамның жалпы
ақыл – ойы ойдағыдай өріс алса, соғұрлым айқындала түседі. (Қосымша 3).
Аса күшті қызығу, қандай болмасын бір іске, қызмет түріне әсерлі де
тұрақты бейімділік талап пен қабілеттердің дамып, қалыптасуының басты
факторы болып табылады. Шығармашылық – бұл қашан да үлкен де қызу еңбектің
нәтижесі. Еңбекті сүю, оған бейімділік – талант пен қабілет түрлерін
дамытудың басты шарттары.
Өз қабілетін дамыту әр адамның тек жеке ісі ғана емес, қоғамдық борышы
және міндеті болып есептелінеді.
Мінез. Бұл жеке адамның ісі мен қылығынан көрінетін, оның айналадағы
шындыққа қатынасын бейнелейтін дербес қасиеттерінің сай келуі. Мінез
сипаттарының қайсысы болсын белгілі жағдайларда адамды әртүрлі қылық
көрсетуге мәжбүр етеді. Мінез – құлықтың сондай типтік, тұрақты формасы бар
адам батыл келеді. Адам мінезін жақсы білу үшін уақыт қажет.
II Негізгі бөлім.
2.1. Халық психологиясындағы жеке адамның тәлім – тәрбиелік ерекшеліктері.
Халық ұстанатын тәліми нормаларды адамның жан дүниесіне орайластыра
баяндайтын қолданбалы мәні зор психология ғылымының бір саласы халықтық
психология деп аталады. Мұнда ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып, жүйеге
түскен ұлттық дәстүр, салт – сана, әдет – ғұрып, ұрпақтан – ұрапққа
біртіндеп жалғасатын адамгершілік, ақыл – ой, эстетикалық таным, еңбек,
дене тәрбиесі т.б. Нормалар мен принциптер, яғни халықтың жан дүниесі,
өзіндік мінез – құлқы, іс — әрекетінің ішкі астарлары сөз болады.
Ұлттық дәстүр мен салт – сананың адам психологиясынан елеулі орын
алатын біркелкі тұрақты құбылыс екендігін әр кездері ғұмыр кешкен ғұламалар
ерекше атап көрсеткен еді. Халықтық психология – адамдардың қоғамдық және
жеке тәжірибесін, өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым
психологиялық білімдердің жүйесі.
Психологиялық мәні жағынан қазақ фольклорының түрлі жанрларының
ішінде мақал – мәтелдер аса қызғылықты зерттеу объектісі болып табылады.
Мақал – мәтелдер адам іс — әрекетінің себебін тікелей бақылау арқылы өзінше
түйіндейді.
Сондықтан да мақал – мәтелдер қай халықтың болмасын ішкі
психологиялық түсінігі болады, оларда қазіргі жалпы педагогикалық, жас
ерекшелік, медицина, музыка, спорт, қоғамдық психология деректерімен
астарлас нақты іс – тәжірибеге негізделген қызықты идеялар топтасқаны анық.
Қазақ мақалдар адамның ішкі жан – дүниесіне терең бойлап, кісінің қарым –
қатынасын аша түсуге өнеге мектебі дерлік. Мысалы, халық ұғымында
ақылдылық – баға жетпес қазына. Бұл туралы халық: Түйедей бойың
болғанша,оймақта ойың болсын, Ақыл озбайды, білім тозбайды — дейді. Ақыл
– білім, тәжірибе, тәлім – тәрбиенің нәр алатын бастауы. Демек әрбір адам,
тіпті күнделікті күйбең тіршілігінде де істі ақылға салып отырмаса
болмайды, онсыз мақсатқа жету қиын. Мақалдар сөзді салмақтап, ойлана айтуға
үйретеді: Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле: Аңдамай сөйлеген ауырмай
өледі. Халық даналығы бөспе сөз бен мылжыңдықты ұнатпай, ондайларды өткір
сынға алған Құрғақ сөз бас ауыртар, Көп сөз күміс, аз сөз алтын, Қысыр
сөзде қырсық көп т.б. Осы айтылғандардың бәрі ақыл – ой мен зерделіктің
сөйлеу мәдениетімен тығыз ұштасып отыратынын аңғартады.
Жалпы, бейнелі сөз, шешендік өнерге құрмет о бастан – ақ қазақ
психологиясына тән сипат. Ш.Уәлиханов Қазақ шешендікке құмар, ол сөз
өнерін, әсіресе әзіл – оспақты қатты сүйеді, — деп тегін айтпаған.
Адамның жан дүниесіндегі тілдегі көрінісі, ой шындығының сөз арқылы
көрінуі де мақал – мәтелдерде кеңінен бейнеленген. Сөз – күшті, қуатты,
құдіретті қару. Сөз өнері – дертпен тең. Халқымыз ойға олақ, логикаға
жүгініп отыру қажеттігін ерекше ескерткен. Мысалы тіл тас жарады, тас
жармаса, бас жарады, Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді, Жылы – жылы
сөйлесең, жылан інінен шығады, Шешеннің тілі – шебердің бізі, Жүйелі
сөз жүйесін табар т.б. мысалдар, сөз құдіретінің психологиялық астары
қандай болатынын жақсы аңғартады. Сөйтіп, шешен де шебер сөйлей білу
адамның асыл қасиеттерінің біріболып, кісіге психологиялық әсер етудің
ерекше тәсілі болып табылған.
Мақал – мәтелдер қоғамдық ой – сананың қалыптасу кезеңдерінен
көптеген соны мәлімет береді. Адам ақыл – ойы дамуында оң білім мен
тәжірибенің атқаратын рольі зор. Төмендегі мақалдар: Көп жасаған білмейді,
көпті көрген біледі, Оқу – оқу түбі тоқу, Көп оқыған білмейді, көп
тоқыған біледі, Білімнен асар байлық жоқ, Көре – көре көсем болады,
сөйлей – сөйлей шешен болады, т.б осы айтылған түйіннің куәсі іспеттес.
Халқымыз оқудың табанды еңбек пен маңдай терді төгумен ғана миға қонатынын
жақсы түсінген: Оқу инемен құдық қазғандай. Өйткені оқу табысты болу
үшін ынта мен ерік жігер, ынтызарлық пен құмарлық қажет. Шыдамды еңбек
алғыр ой,анық досың біліп қой, Ықылас пен ынтымақ, бітер іске болсын
тап.
Мақал мәтелдерге адамның жан қуаттарының бұларпдан басқа да
толып жатқан жақтары бейнеленген. Бұларды психологиялық тақырып тұрғысынан
төмендегіше топтастыруға болады:
1. Психологияның жалпы мәселелері:
а) жан қуаттары, олардың ортақ қасиеттері жайлы түсінік;
ә) өскен орта және тұқым қуалаушылықтың жан құбылыстарына әсері;
б) психиканың қалыптасуындағы еңбек, тәжірибе және практиканың рөлі;
в) ойын, оқу, өнер, еңбек бұлардың сана – сезімді дамытудағы рөлі т.б.
2. Сезім мүшелерінің танымда алатын орны.
3. Тіл мен сөйлеу, бұлардың тіршілік пен қарым – қатынастағы рөлі.
4. Ақыл және ес.
5. Армен мен қиял.
6. Адам эмоциясы мен сезімдері (қорқыныш пен үрей, қайғы мен қуаныш,
махаббат пен жек көру, шындық пен өтірік, достық пен жолдастық т.б.
7. Қажыр- қайрат пен бос белбеу, жүрексіздік.
8. Кісінің жеке дара ерекшеліктері (мінез, қызығушылық, бейімділік,
қабілет, талғам, мұрат т.б.
9. Түрлі топ өкілдерінің ( еркек, әйел, ата – ана, бала – шаға, жекжат,
жұрат, әкім т.б.) әлеуметтік психологиялық ерекшеліктері.
10. Әр түрлі жас мөлшерінің (бала, жас өспірім, ересек, кәмелет, қария
т.б.) психологиялық сипаттары. Ал, кәрілік шақтың рухани (мол тәжірибе,
тоқталған ақыл, ескі әдеттердің үстемдігі, кінәмшілдік, ұмытшақтық т.б.)
және тән ( көз бен құлақтың әлсіреуі, тістің түсуі, бел бүгіліп,
қозғалыстың нашарлауы, шаштың ағаруы, әжімнің көбеюі, т.б. белгілерін
саралаған халықтық пайымдар өз алдына бір төбе. Осы айтылғанға Көңіл
қартаймас, көз қартаяр, Кәрі білгенді, пері білмейді, Сақалға ақ түсті,
көңілге дақ түсті, Көп жасаған көмбенің үстінен шығады — деген мақал –
мәтелдер жақсы айғақ. Мақал – мәтелдерде адамның ес, жан қуаттары жөнінде
де аз айтылмаған. Бұлардың ғылыми психологиямен ұштасып жатуы таңқаларлық.
Мысалы, біреу көзбен көру, екінші біреу құлақпен, үшінші адам қозғалыс
мүшелерінің қатысуымен, ал төртінші біреу бұларды араластыра есте
сақтайтындығын, біреу тез арада есте сақтай алатын болса, екінші біреу
бұған ұзақ уақыт машықтанатынын халық даналығы жақсы көрсеткен.
Әрине, жалаң еске сақтаумен адам алысқа бара алмайды, ол өз есін, оның
басқа қасиеттерімен (беріктік, нақтылық, реакция шапшаңдығы, т.б.)
ұштастырғаны бағалы болмақ. Бұл айтқанды Ақпас құлаққа айтсаң ағып кетеді,
құйма құлаққа айтсаң қағып алады, Оқығаныңа мәз болма, тоқығаныңа мәз
бол, т.б. мақалдар жақсы қуаттайды. Немесе қарт адам жуырда ғана оқыған,
естіген, көрген, нәрселерін тез ұмытады, бұл естің әлсіреуіне әкеледі.
Осыны: Ер қартайса жаңылшақ — деген деген дана сөз де нақтылы түссе,
оқығанды миға тоқу да қайталаудың маңызы зор екенін, бұрынғыны айтпай,
соңғысы еске түспейді дейтін мақалдар қуаттайды. Ал сын көзімен қабылдау
естің дамуына елеулі ықпал ететіндігін Өз қатесін көрмеген, кісі қатесін
сезбейді деп түйіндейді. Есте сақтау да, еске түсіру де материалдық
эмоциялық әсерімен байланысты болатындығын, жақсы, шапағаты мол, мол
мәселелерді есте мықтап сақтауға меңзейтін мақал – мәтелдер де баршылық.
Мақалдарда адамдардың есте сақтау қабілетіне айрықша баға беріледі,
ақылдылық жоғары дәріптеледі.
Мақал – мәтелдерде адам танымының өзге жақтары туралы да қызғылықты
ойлар аз емес. Мысалы, арман мен қиялдың адам өміріндегі орны жайында
арманы жоқ жігіттің , дәрмені жоқ десе, сезім мен ойдың байланысы туралы
Аузы күйген үріп ішеді, ал ерік жігері жөнінде Талапты бала талпынған
құстай, құмары қанбас аспанға ұшпай, әдет пен дағды туралы Ауру қалса да
әдет қалмайды, құмарлық, бейімділік жайында Жақсыға жақсы әуес, Саусағы
ұзын биші болар, — дейді.
Адам баласы әртүрлі жағдайда тәрбиенің әр алуан әсерінде болып, әр
салада қызмет етеді. Осы факторлардың бәрі оның жан – дүниесінің
қалыптасуында елеулі із қалдырады. Кісі оқу, іздеу, тәрбиелену арқылы өзін
— өзі сомдайды. Көре – көре көсем болар, сөйлей – сөйлей шешен болар,
Адам туа білмейді, жүре біледі деу осы айтылғанның дерегі. Халық
даналығында адамның мсоральдық – психологиялық ерекшеліктері жай көрініс
таппай, оны қалыптастыру жолдары да сөз болған, бұларды қалайша тәрбиелеуге
болатындығы жайлы түйіндер де айтылады.
Мақал – мәтелдерден патриоттық, ерлік, достық, жолдастық, кішіпейілділік,
қарапайымдылық, махаббат, сүйіспеншілік, ұстамдылық, шыдамдылық,
қайраттылық, табандылық, т.б. осы іспеттес кісілік қасиеттер жайлы насихат
көп ұшырасады. Адам бойындағы жалқаулық Жұмыссыз жастың жүргені сөкет,
ұшқарлық, тағатсыздық Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа,
мақтаншақ, сараңдық, жағымпаздық, т.б жағымсыз қасиеттерден жирентіп, жақсы
мінез – құлық қалыптастыруда еңбектің орны ерекше қастерленеді. Сақалын
сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық, Жігіттің күшіне қарама, ісіне
қара, Жігіт түсімен емес, ісімен әдемі, т.б.т.с. Мақал – мәтелдердегі
көшпелі қауым түсінігіндегі өнегелі тұлғаның тұрпаты да сомдалған.
Жас ұрпақты жағымды мінез – құлыққа тәрбиелеудің түрлі әдіс –
тәсілдерімен қатар, ұстаз, тәлімгерлерге бағышталған мақал – мәтелдер де
бір төбе. Олар өз ақыл, білім, жақсы мінез – құлқымен, қысқасы бар болмыс
бейнесімен баласына үлгі болуға тиіс. Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы,
Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер Әке балаға сыншы, т.б. Адам
туа жаман емес, жүре жаман дейтін мақалдар мінез сипаттары туа бітпей,
ортаның ықпалымен бірте – бірте қалыптасады, деген ойды ұқтырады. Егер
адамды жақсы жағдайда, дұрыс тәрбиелесе, оның жақсы қасиеттерге ие
болатыны даусыз. Керісінше, жаман тәрбие жағымсыз қасиетті бойына дарытады.
Баланың тентек болуы үйінен деу осыған меңзейді. Кісіліктің қалыптасуында
туа біткен қасиеттің де белгілі дәрежеде із қалдыратыны халық
даналығынан қалыс қалмаған. Саусағы ұзын биші болар, құлағы ұзын күйші
ьолар. Орта, тәрбие және туыстан берілетін қасиеттің ара қатынасы да
мақалдарда дұрыс көрсетілген. Бірақ халық түсінігінде адам дамуындағы
жетекші роль тума қасиетке емес, жүре бара қалыптасатын тәрбиеге тән.
Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз. Жаманнан жақсы туады, атасын
айтса нанғысыз. Осы іспеттес түрлі психологиялық штрихтардан халықтық салт
– дәстүр, әдет – ғұрып, ұлттық психология көріністері жақсы аңғарылып
тұрады. Көшпелі халыққа тән имандылық, ілтипаттық, жанашырлық, сезімталдық,
балажандық, қонақжайлылық, т.б. туралы тамаша түйіндер Қонақ келсе ет
пісер, ет піспесе бет пісер, Қонақтың алтынын алма, алғысын ал дана
сөздер қомақты тақырыптың бірі. Жақсы, жаман болу тәрбиенің, оқу —
білімнің нәтижесі. Әрине адамның нақты іс — әрекетінің, тыныс –
тіршілігінің де әсері өте маңызды. Қабілет жұрттың бәріне де тән қасиет.
Әркім, түйсік, ес, ойлау, зейін, қызығу т.б. арқылы жанын жетілдіре алады,
мүлде қабілетсіз, икемсіз адам болмайды. Жан қуатымен сананың
қалыптасуында сананың қалыптасуында білім, шеберлік, икем, дағды зор роль
атқарады. Үнемі өзін — өзі тәрбиелеумен шұғылданған адам ғана өз қ
абілетін жетілдіре алмақ. Өз кемшілігін біліп, жағымсыз қасчиеттерден арылу
адамның өз қолында.
2.2. Жеке адамдар арасындағы қарым – қатынас психологиясы
Бала дүниеге келісімен екінші бір адамды қажет етеді. Нәресте екі,
үш айлық кезінде – ақ көзге түсерлік объективтік себептерсіз – ақ мінез
көрсете бастайды да, біреу сөйлесіп, қарым – қатынас жасай бастаса,
жұбана қояды. Психологтар сол кездің өзінде ересектермен араласу баланың
психикалық дамуының , оның болашақта жеке басы қалыптасуының ең маңызды
шерттерының бірі болып табылатынын анықтап отыр. Баланың басқалармен
араласуға деген қажеттілігін жеткілікті қанағаттандырмау, келе – келе оның
сырдаң сезімді, мейрімсіз болып өсуіне, әуел бастан – ақ дүниеге сенімі
азаюына әкеліп соқтыруы да мүмкін.
Адам өмір сүре, жұмыс істей жүріп, айналадағы дүниені белсенді түрде
танып, оған ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар дүниеге белгілі бір
көзқарасты да бастан кешіреді. Кейбір оқиғалар оны … жалғасы