Үкімет халықтың кредитін қашан өтеп беретіні белгілі болды  

0

Экономика

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 15 шілдеге дейін борышкерлердің тізімін жасауы керек

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде — Sputnik. Тұрмысы төмен азаматтардың кредиті мемлекет есебінен 1 қыркүйекке дейін өтеледі. Қарызы бар азаматтардың жүктемесін азайтуға арналған қаулының жобасы бекітілді.

Онда тұрмысы нашар және көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың кредитінің 300 мың теңгесі 1 қыркүйекке дейін өтелуі тиіс деп жазылған. Ол үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 15 шілдеге дейін борышкерлердің тізімін жасап, жалпы қарызын есептеуі керек. Кейін мәліметтерді Ұлттық банк тексеріп, Қаржы министрлігі проблемалық несиелер қорына ақша аударады, деп хабарлады КТК.

Бұған дейін жұрттың берешегін жабу үшін шамамен 105 миллиард теңге жұмсалатыны айтылған еді.

Кімдердің кредиті өтеледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 26 маусым күні  Қазақстан азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы жарлыққа қол қойды.

Тікелей және атаулы қаржылай көмек ретінде кейбір санаттағы азаматтар үшін мемлекет екінші деңгейлі банктер мен шағын қаржы ұйымдарынан алынған жалпы мөлшері 300 мың теңгеге дейін негізгі несиені және оған есептелген сыйақыны өтейді.

Тағы оқыңыз: Тоқаев мемлекет кімдердің кредитін өтеп беретінін түсіндірді

Бұдан бөлек, олардың биылғы 1 маусымға дейінгі қарыздарының жалпы көлемі 3 миллион теңгеден аспауы тиіс.

Мұндай жеңілдік көпбалалы отбасылар, асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты төлем алатын отбасылар, мүгедек балалары бар, 18 жастан асқан, бала жасынан мүгедектер бар отбасылар,  атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алатындар, жетім балалар, ата-анасынан  кәмелеттік жасқа дейін айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі. 



sputniknews.kz