Алматы мен Жамбыл облыстарының шекарасы өзгерді

0

Алматы облысының жалпы аумағы 1 090 гектар болатын жері Жамбыл облысына беріледі

АЛМАТЫ, 1 шілде — Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Алматы облысынының шекарасын өзгерту жөніндегі қаулыға қол қойды. Енді өңірге тиесілі болған жалпы аумағы 1 091,78 гектар жер Жамбыл облысына беріледі.

«Алматы облысындағы жалпы аумағы 1 091,78 гектар болатын жерді Жамбыл облысының Қордай ауданына қосу арқылы шекараны өзгерту керек», — деп жазылған электронды үкімет сайтында жарияланған ақпаратта.

Осылайша, ҚР қорғаныс министрлігінің аудандық гвардиялық эксплуатациялық бөлімі, Биологиялық қауіпсіздік проблемаларын ғылыми-зерттеу институты және бұрынғы «Алматы» әскери совхозы сынды нысандары Жамбыл облысына беріледі.

Тағы оқыңыз: Енді Ресейге баратын қазақстандықтар басқа құжат көрсетуі тиіс

Шекараны жоспарлау кезінде «Алматы» совхозының тұрғындары мемлекеттік қызметті Ұзынағаш ауылына барып алғаны айтылды. Ол совхоздан 150 шақырым жерде орналасқан. Жер Жамбыл облысына берілген соң халыққа қызмет көрсету орталықтары әлдеқайда жақындай түспек. Енді қажетті құжатты алу үшін тұрғындар 80 шақырым жердегі Қордай ауданының орталығына барады.



sputniknews.kz