полицейлер 11 жасар баланы құтқарды
Полицейлер өзенге бата жаздаған баланың артынан екі шақырым жүзіп барып, аман алып қалды
ТАЛДЫҚОРҒАН, 30 маусым — Sputnik. Талдықорғанның патрульдік полициясының үш қызметкері 11 жастағы баланы құтқарды. Ол Қаратал өзенінде шомылмақ болған, деп хабарлайды Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сенбі, 29 маусым күні кешкі бес шамасында анасы Кириллды дүкенге жіберген. Ұлы ұзақ уақыт оралмаған соң анасы туыстарымен бірге іздеуге шығыпты. Бала сатып алған нанды Қаратал өзенінен өтетін көпірден тауып алған.
Тағы оқыңыз: Имам балаларымен бірге суға батып кетті
Оқиға орнына жеткен полицейлер өзеннің ортасына кетіп қалған баланы көріпті. Оны ағыс жағадан бірнеше шақырымға алып кеткен.
«Біздің қызметкерлер Айдар Қарабаланов, Руслан Тезекбаев пен СОБР қызметкері Нұрбол Меғзам жасөспірімге дейін жүзіп жетті», — деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, 11 жастағы Кириллдің ата-анасы полицияға дер кезінде хабарлаған. Бала үйіне оралды. Оның туыстары мен ата-анасы полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді.
sputniknews.kz