Реферат: Қылмысты саралаудың түсінігі мәні және түрлері
Қоғамда құқұқ бұзушылықтың болуы мемлекеттік құқұқ қорғау органдар мен өкілеттігі бар лауазымды тұлғалардың қылмысты тез және толық ашуға, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуде белгілі бір әрекеттерді жасауды талап етеді. Бұл әрекеттер құқұқ қорғау органдары тарапынан мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қажеттігін туындатады.
Қылмыс жасаған тұлғаға қатысты қылмыстың жолын кесуде қандай да бір күштеу шарасына жүгінуге әкеледі.
Мемлекеттегі күштеу шарасы –заңда көзделген жағдайда еріксіз түрде қолданылатын адам мен азаматтардың жеке басына қол сұқпаушылық қағидасынан ауытқу.
Бұлтартпау шарасы–бұл мемлекет тарапынан еріксіз түрде тұлғалардың теріс әрекеті үшін қолданылатын шара .Бұлтартпау шарасы –айыпкерге –(сезіктіге) қатысты анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады, не істі сотта обьективті зерттеуге және талдауға бөгет жасайды немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде қылмыстық процесті жүргізуші орган өз өкілеттігі шегінде бұлтартпау шараларын бірін қолданады.Бұлтартпау шарасының бір түрі ретінде қамауға алу-қылмыстық элементпен күресудегі қару болып табылады және басқа бұлтартпау шарасы әлсіз болған кезде қолданылыды.
Қылмыстық процесс ғылымы саласында «бұлтартпау шарасы» институты диплом жұмысы ретінде алынуы , тек теориялық жағынан ғана емес,практикалық тұрғыдан өзектілігі басым.
Дипломдық жұмыстың мынадай мақсаттары басты назарда болады-
бұлтартпау шарасынының ұғымын,мәнін ашу:
бұлтартпау шарасының бір түрі ретінде-қамауға алудың теориялық және практикалық орнын айқындау:
қамауға алудың қолданылу тәртібін, адам мен азаматтардың жеке басына қол сұқпаушылықкепілдемесін басшылыққа ала отырып заңсыз қамауға алуды болдыртпау:
алдын ала тергеу кезіндегі тергеушінің қамауға алуға байланысты шешімін прокурордың қадағалауын жүзеге асыру.
Зерттеу жұмысының теориялық базасына – И.С.Ахпанов, Б.К.Төлеубекова, Т.Е.Сәрсенбаев, В.В.Смирнов, И.И.Петрухин сиқты қылмыстық процесс саласында танымал ғалымдардың көзқарастары негіз болды.
Сондай-ақ дипломдық жұмыс жазу барысында Қарағанды облысы Жаңаарқа Ауданық ішкі істер бөлімінің материалдары қолданылып,қамауға алу-бұлтартпау шарасының түрі ретінде тәжірибедегі қолданысына талдау жасауға талпыныс жасалды.
Бұл қылмыстық іс жүргізу кодексінде, арнайы заңдарда көрініс тапқан. Қамауға ұсталғандарға кепілдік ретінде мына төмендегілерді көрсетуге болады:
1. Қамауға алуды заң талаптарына сәйкес заңды және негізді болуын қатаң көрсету;
2. Жеке тұлғаланың жеке басына қол сұқпаушылықты шектеген кездегі міндетті түрде заңда көзделген мерзімді белгілеу; (2 ай).
3. Азаматтарды қамауға алған кезде процессуалдық тәртіпте қамтамасыз ету;
4. Айыпталушы (сезіктіге) қатысты кінәсіздік презумпциясын қарастыру және дәлелдеуде шектен шықпау.
Өз кезегінде жеке тұлғаның жеке басына қолсұқпаушылық құқығы мынадай кепілдіктерді береді:
— Қамауға алудың заңдылығы және негізділігі:
— Қамауға алынған адамның түсіндірмесін, жауабын, көрсетіндісін тыңдамай жатып, қамауға алуды жүргізбеу;
— Қамауға алынғандардың құқықтарын қамтамасыз ету;
— Қамауға алынғандарға қатысты дене және рухани адами ар – намысын кемсітпеу, төмендетпеу;
— Қамауға алынғандарды бұлтартпау шарасының мерзімі аяқталған кезде, жойған не өзгерткен кезде мерзімін анықтау;
— Қамауға алуды прокурорлық қадағалау, соттық бақылауды жүргізу .
Жеке тұлғаның жеке басына қол сұқпаушылық құқығының басты кепілдемесі – лауазымды тұлғалардың, азаматтарды заңсыз және негізсіз қамауға алуды болдыртпауға жауапкершілікте болуы.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 16 бабындағы 2 тармағында жеке басқа қол сұқпаушылық құқығының кепілдігінің мағынасы, мәні мынада:
Азамат – заңда көзделген негіз болған кезде ғана күштеу (мәжбүрлеу) шараларына тартылады.Жеке басқа қол сұқпаушылық туралы айтқан кезде, алдымен біз күштеу шаралары: жеке тұлғаның жеке қауіпсіздігі, өмірі, денсаулығы, денеге қол сұқпау, жүріп тұру бостандығы және өзінің субъективті құқығын пайдалана алуын айтамыз.
Қоғамда құқық бұзушылықтың болуы, мемлекеттік – мәжбүрлеу шараларын қолдануға қажеттілік, қылмыс жасаған тұлғаға қатысты бұлтартпау шарасы, бұл тек құқықтық тәртіп үшін қажеттілік емес, заңдылықты қамтамасыз ету үшін, ең аяғы жеке тұлғаның мүддесін қорғау үшін қажет. Сондықтан тұлғаның жеке басына қол сұқпаушылық құқығын шектеу тұлғалардың мүддесін қорғаумен байланысты.
Сонымен, тұлғаның жеке басына қол сұқпаушылық құқығының мәні мынада: азамат тарапына қандай да бір мәжбүрлеу шарасын қолдануға тыйым салынады, бірақ бұндай шара ерекше жағдайда, заңда қатаң түрде көзделген ретте мемлекеттік органдар, лауазымды адамдармен жүзеге асырылады. Мемлекеттегі қандай да болмасын күштеу шарасы – заңда көзделген рұқсат етілген еріксіз – тұлғаға жеке басына қол сұқпаушылық қағидасына ауытқу.
Күштеу – бұл еріксіз түрде тұлғалардың теріс әрекеті үшін қолданылатын шара. Бұл құқықпен реттелген. Тұлғаның жеке басына қол сұқпаушылығы қылмыстық процесс кезінде мемлекеттік органдар мен азаматтар арасында болатын қатынас:
— Анықтау, тергеу, сот, прокуратура органдарының айыпталушының жеке басын шектеумен байланысты қатынасы. Сезіктіге, айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасының түрі – қамауға алуды қолдану. Бұлар арнайы процедураны, нысанды қамтиды.
Қамауға алу – қылмыстық элементпен күресудегі қару болып табылады және басқа бұлтартпау шарасы әлсіз болған кезде қолданылады.
Қамауға ал- егер сырт көзден қарайтын болсақ, кінәсіздік презумпциясына қарама – қайшы болып тұр және де кінәсіздік презумпциясы бойынша қандай да болмасын адам сот үкіміне дейін кінәсіз болып табылады, егер кінәсі дәлелденгенге дейін айыпкердің кінәсі дәлелденген жоқ, бірақ ол қамауда. Сонда біз сұрақ қоямыз? Айыпкер, сонда қалай кінәсіз болады? 1
Жауапқа біз: Мемлекетпен, яғни, қылмыстық жазалау құқығының субъектісі ретінде. Мемлекет үкім шыққанға дейін айыпкерге әлеуметтік – экономикалық, саяси, әлеуметтік мәдени, жеке құқықтар және қамауға алынғандармен кінәсі әлі дәлелденбеген ретінде қарауы керек деген талап қояды. Айыпкерді қамауға ала отырып, тенргеуші мемлекет атынан әрекет етеді. Тергеушінің айыпкер тарапына қатысты күмәні ғана болады. Сондықтан, мемлекет айыпкер тарапына қатысты кінәлігін дәлелдеу ретін сот процедурасын құрастырған және тергеушінің күмәніне ғана сүйенбей, тергеуде жүргізілген процедураны сот төрелігінде ашық жарыссөз жүргізу арқылы қорғау тарапын қатыстырады. Тергеушінің ішкі сенімі айыпкердің кінәлілігі туралы тергеушіге процессуалдық және моралдық құқық береді, заңда көрсетілген қажет ретте процессуалдық мәжбүрлеу шарасын жүргізуге құқық береді. Тергеушінің айыпкерді қамауға алу байланысты шешімі фактілі мәліметтер болған кезде ғана, яғни, айыпкер нақты қылмыс жасағанда және жаза мөлшері екі жылдан асатын болса, іс бойынша тергеу мен соттан жасырынады, ақиқатқа жетуге кедергі болады дегенде және де жаңа қылмыс жасайды деген негіздер болған кезде, Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19 бабы «кінәсіздік презумпциясы» қағидасына әрекет етуіне тергеушінің өзінің ішкі сенімі бойынша айып тағу, содан кейін бұлтартпау шарасының бірін таңдайды. Бірақ қылмыстық жауапкершілік пен айыпталушы ретінде тануды теңестіруге болмайды. Бұл жерде айыпталушы және кінәлі деген екі ұғым. Егер қылмыстық жауапкершілік кін лі субъектіге белгілі бір материалдық құқықтық міндетін жүктесе, заңдық жауапкершілік қылмыстық процессуалдық мәні, егер тұлға заңмен көрсетілген процессуалдық құқығын дұрыс қолданбаса, өзіне жүктелген процессуалдық мәжбүрлеу шарасы қолданылады. Үкім заңды күшіне енгенше жауапкершілік тек қылмыстық процессуалдық түрінде ғана жүргізіледі. Айыпкердің өзінің міндетін, жасаған қылмысын тергеу кезінде, бұлжытпай орындаса оны қамауға алу бұлтартпау шарасын қолдануға негіз болмайды, ал қамауға алу ерекше қылмыстық істі тергеудегі шара болып есептеледі. Осыдан процессуалдық жазаның заңдық табиғаты түсіндіріледі. Үкім заңды күшіне енгеннен кейін кінәсіздік презумпциясы үкімнің ақиқаттылығы презумпциясына ауысады. Айыпкерді алдын ала тергеу кезіндегі қамауға алу кезінде кінәсіздік презумпциясы әрекет етеді. Айыпкер тек қамаудан қылмыстық істі Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37 бабы негіздері бойынша қысқартады және де айыпкер сотпен кінәсіз деп танылғанда босатылады. Сезіктілерге қатысты қамауға алу ерекше жағдайларда жалпы тәртіпке ерекше реттерде ғана қолданылады. Заң шығарушы жалпы тәртіпке ерекшелікті қолдануға рұқсат береді: объективті себептерге сәйкес айып тағу үшін барлық дәлелдемелерді жинауға мүмкіндік алу үшін 10 (он) тәулік мерзімге сезіктілерді ұамауға алады. Осыдан келіп, айыпкерді қамауға алу ерекше жағдайларда сезіктіге қатысты, алдын ала тергеу кезіндегі қамауға алу кінәсіздік презумпциясына қарама – қайшы болмайды. Тергеушінің міндеті, айыпкердің құқықтарын қамтамасыз етуде алдын ала тергеу процессіне қорғаушы тарабын қатыстыруға, тергеушімен шығарылатын шешімдердің (айып тағу кезінде, айыпкерді қамауға алу) негізді және барлық заң талабына сәйкес келуін қарастыру керек. Сонымен алдын ала тергеу кезінде кінәсіздік презумпциясы қағидасының сақталуын қамтамасыз етіледі. Тергеушінің шешімі, соттың шешімі сияқты заңды болуы керек (қылмыстық, қылмыстық процессуалдық заң нормаларына сәйкес келуі керек), негізділік (дәлелденген, дәлелді, ақиқатты) болуы керек. Тергеу кезінде өнегелік орын алады, бұл заңда көзделген гуманизм, халыққа деген құрметпен көрініс табады.
Алдын ала қамауға алу негізі туралы мәселе теория мен практикада өте күрделі мәселелердің бірі, негіз деген ұғымды түсінуде қылмыстылықпен күресу де, азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету қарастырады. Қазірге дейін нақты түсінік жоқ, бұлтартпау шарасының бірін таңдауда нақты түсінікті Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінде көрсетілген, берген анықтаманы қарайтын болсақ. Құқықтық негіз дегенді қалай түсінеміз, заңдық және бұлтартпау шарасын таңдағанда заңды және негізділігін қалай түсінеміз?
Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 139 бабында бұлтартпау шарасы негіз ретінде, айыпталушы анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады не сотта объектиывті зерттеуге және талдауға бөгет жасайды немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде, сондай – ақ үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін қылмыстық процесті жүргізу орган өкілеттігі шегінде ол адамға осы кодекстің 140 бабында көзделген бұлтартпау шараларының бірін қолданады. Осы аталған бапта заң шығарушы негіздің мазмұнын ашпайды, тек бұлтартпау шарасының бірін қолдануға деп тапқан жағдайда жеткілікті негіздерді қолдану деп түсіндіреді. Процессуалистер бұл ұғымды, түсінікті әртүрлі жағдайда түсіндіреді. ….