Балабақша сабақ жоспары: Көңілді қыс
Білім беру саласы: «Қатынас»
Тақырыбы: Көңілді қыс
Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атау. Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу.
Әдіс — тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, ғажайып сәт, ойын, сергіту сәті.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер, аққала, ойынға қажетті заттар.
Тәрбиеші: Балалар, күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан — жағымызға беріп, жылулық шеңберін құрып, келген қонақтарымызбен амандасайық.
Мейірімділік жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық.
Бір жадырап қалайық,
Келіп қалған қонақтарды
Сүйіп, сүйіп алайық.
Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге өлең жолдарын оқып бергім келіп тұр.
Шанамен зырғып желетін,
Коньки, шаңғы тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар?
Балалар: Қыс мезгілі
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе?
Балалар: Қар жауады, аяз болып, боран соғады.
Тәрбиеші: Ендеше, боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?
( Балалар қолдарын жоғары көтеріп, гуілдейді)
Тәрбиеші: Қатты аяз болып, тоңғанда не істейміз?
(Қолдарын қусырап, аяқтарын топырлатады)
Тәрбиеші: Ал, күн шыққанда не істейсіңдер?
(Алақай, деп қолдарын көтереді)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Енді қыс айларын атайықшы
Балалар: Желтоқсан, қаңтар, ақпан
Тәрбиеші: *Желтоқсан — жылдың аяғы, қыстың басы ол, суық, ызғарлы.
* Қаңтар — жыл басы, қыстың ортасы, ол ең қарлы ай, бұл айда қатты суық, үскірік аяз болады.
*Ақпан — жел мен боранның айы. Бұл айда ең ауыр, әрі суық, дүлей боранды.
Тәрбиеші: Балалар, біз тоңбас үшін үстімізге қандай киімдер киеміз?
Қане, іс — қимылмен көрсетейікші (Балалар іс — қимылмен көрсетеді)
Балалар: Бас киім, үстімізге тон, аяғымызға етік, қолымызға қолғап киеміз!
Тәрбиеші: Қандай ойындар ойнайсыңдар?
Балалар: Қар лақтырып, аққала жасап, шанамен сырғанақ тебеміз.
Тәрбиеші: Балалар, қыста ауа таза болады. Сондықтан да сендер ауырмау үшін, денсаулықтарың мықты болу үшін таза ауада ойнауларың керек. Ойын арқылы денелерің шынығады.
Тәрбиеші: Балалар, біздер қыс мезгілінде қандай мерекелерді тойлаймыз?
Балалар: Жаңа жыл!
Тәрбиеші: Дұрыс, айтасыңдар сонымен қатар 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күнін, 1желтоқсан – Елбасы күнін тойлаймыз! Балалар, мынау ненің суреті?
Балалар: Аққала
Тәрбиеші: Аққала неден жасалады?
Балалар: Қардан
Тәрбиеші: Қане, барлығымыз қарды қолмен ұстап көрейік.
Балалар қарды қолмен ұстап көреді.
Тәрбиеші: Қардың түсі қандай?
Балалар: Ақ
Тәрбиеші: Қар мұздай ма, жылы ма?
Балалар: Мұздай
Тәрбиеші: Аққала неше бөліктен тұрады?
Балалар: Үш бөліктен тұрады
Тәрбиеші: Оның бөліктерінің пішіндері қандай?
Балалар: Дөңгелек
Ғажайып сәт./Осы кезде аққала келеді/
Аққала: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендермен ойнауға, сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім. Мына сандықшаның ішінде сендерге арналған сыйлықтарым бар.
Тәрбиеші: Кел төрлет, сен туралы айтып отыр едік. Балалар, қонаққа не келді?
Балалар: Аққала
Аққала: Балалар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
«Қар жинау» ойыны.
Ойын шарты: Қар ерімей тұрып, шелекке тез жинау.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, бәрекелді! Балалар, бізге аққаламыз құр келмепті, тапсырмалар ала келіпті.
Аққала: 1тапсырма: Балалар сендерге қыс мезгілі ұнай ма?
Қыс мезгілінің ұнайтын және ұнамайтын жақтарын атаңдаршы?
Балалар: ұнайтын жағы: Жаңа жыл келеді, шаңғы, коньки тебеміз, шанамен сырғанаймыз, қар жауады, қар лақтырып ойнаймыз, аққала жасаймыз.
Ұнамайтын жағы: қатты аяз болады, суық жел тұрады, боран соғады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Енді барлығымыз бірге сергіту сәтін орындап, бір серігіп қалайық:
Шынығамыз бәріміз,
Иіліп, бүгіліп, денеміз.
Хоккейді де ойнаймыз,
Шаңғыны да тебеміз.
Әрлі — берлі жол салып,
Қар лақтырып, ойнаймыз.
Қорықпаймыз аяздан
Спортшы болмай қоймаймыз.
2. Тапсырма: Кім қыс туралы тақпақ біледі? (Балалар тақпақтар айтады )
Ақниет: Қыс мезгілі көңілді, Айсан: Қар жауғанда топ бала,
Аспаннан ақ қар төгілді. Соқты қардан аққала.
Шанамен біз ойнаймыз, Мұрны сәбіз, үп — үшкір,
Шаңғы теуіп сырлаймыз. Көзі көмір, қап — қара.
Барысхан: Далада қар борайды, Қанат: Ауыл сырты — биік жар,
Ақ мамыққа орайды. Бізді күтіп, тұр қарап.
Мұз болады, қатады, Биік жарға шығып — ап,
Жып — жылтыр боп жатады. Жөнелеміз, сырғанап.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Қане, балалар ойын ойнап жіберейік.
Аққаламызға суретін құрап берейік.
Ойын: «Аққала құрастыру»
Тәрбиеші: Балалар, енді үйден ата — аналарымызбен салып келген суреттерімізді аққаламызға, қонақтарымызға таныстырайық.
Аққала: Жарайсыңдар балалар, менің тапсырмаларымды орындадыңдар! Рахмет! Балалар, сендер өте ақылды, өнерлі, тапқыр екенсіңдер! Топтарың ыстық екен, мен жылы жерде көп тұра алмаймын, еріп бара жатырған сияқтымын. Еріп кетпей тұрғанда, қайтайын. Өзіммен бірге алып келген сандықшамдағы сыйлықтарымды берейін. Жақсы балалар мен сендермен қоштасамын, келесі жыл кездескенше сау болыңдар!
Тәрбиеші: Балалар аққаламен қоштасайық!(Аққала шығып кетеді)
Қорытынды: Балалар, бүгін біз жылдың қай мезгілі туралы әңгімелестік?
Қыс мезгілі
Бізге бүгін қонаққа не келді?
Аққала
Барлығымызға ұнады ма?
Иә
Жарайсыңдар, балалар, енді келген қонақтарымызбен қоштасайық.
«Жүректен — жүрекке»:
Балдай тәтті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Ойынменен өседі,
Ойымыз бен санамыз.
Қол ұстасақ бәріміз,
Жарасады сәніміз.
Көріскенше күн жақсы,
Сау болыңыз бәріңіз!
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы,
«Достық» балабақшасының тәрбиешісі А. Длжанова …..