Көшпенділер әлемі этнофестивалі 28-30 маусым аралығында өтеді

0

Елордада 28-30 маусым аралығында халықаралық Kóshpendiler álemi этнофестивалі өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым — Sputnik. Халықаралық этнофестивальді өткізуге 130 миллион теңге бөлінді. Бұл туралы Каzakh tourism АҚ басқарма төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Халықаралық шара елордада 28-30 маусым аралығында өтеді.

«Kóshpendiler álemi этнофестивалі өткен жылы да ұйымдастырылды. Бұл фестивельге қызығушылық артып отыр. Мысалы, өткен жылы шараға 8 елден 90 қатысушы болса, биыл 10 мемлекеттен 180 қатысушы келгелі отыр», — деді Каzakh tourism АҚ басқарма төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиев мәдениет және спорт министрлігінде өткен брифингте.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл фестивальде кәсіби садақшылардың жарысы, көкпаршылар мен бүркітшілердің сайысы өтеді.

Тимур Дүйсенғалиев халықаралық шараға қанша қаржы бөлінгенін айтты.

«Фестивальге шамамен 130 миллион теңге бөлінді. Оның үштен бір бөлігі шетелдік қонақтарды шақыруға жұмсалды. Бұл әлемде қалыптасқан тенденция», — деді Каzakh tourism АҚ басқарма төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиев.

Көшпенділер әлемі этнофестиваліндегі сайыстарға Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Болгария, Иран, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Татарстан командалары қатысады.


©
Photo : АО НК Kazakh Tourism/ Мейрам Нуртазин

Бұған дейін ұйымдастырылған Kóshpendiler álemi этнофестиваліндегі арулар

Шараны Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің тапсырысы бойынша Каzakh tourism компаниясы ұйымдастырады.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі шараға қолдау көрсетеді.



sputniknews.kz


Тегтер:қаражат