Таран ауданының атауы өзгерді
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Мемлекет басшысы бұған дейін Астана атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерткен еді
НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Қостанай облысының Таран ауданы Бейімбет Майлин ауданы болып қайта аталсын», — деп жазылған жарлықта.
Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Айта кетейік, 2019 жылдың 23 наурызындағы президент жарлығымен Астана атауы Нұр-Сұлтан деп қайта аталды.
Тағы оқыңыз: Зырян қаласы мен ауданының атауы өзгертілді
Сондай-ақ өткен жылдың қыркүйегінде Зырян қаласы мен ауданының атауы Алтай болып өзгерді.
sputniknews.kz