Қанат Бозымбаев Жайықта балықтардың неден қырылып жатқанын айтты

0

Кешенді сот экологиялық сараптаманың қорытындысы шықты

НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым— Sputnik. Атырау облысындағы Жайық өзенінде балықтың жаппай қырылуына жоғары токсинді хлор себеп болды. Бұл ақпаратпен есеп беру кездесуінде энергетика министрі Қанат Бозымбаев бөлісті.

«Егер «Атырау су арнасында» тазарту жұмысы дұрыс атқарылса, мұндай жағдай болмайтын еді», — деді министр.  

Ведомство басшысы ағын суларды тазарту мәселесі шешуді қажет ететінін айтты.

Бозымбаевтың айтуынша, елде 58 тазарту кешені бар, оның 10-ы толықтай ескірген. Олар Ақтөбе, Қапшағай, Атырау, Семей, Абай, Саран, Ақтау, Кентау, Арыс, Арқалық қалаларында орналасқан. Тағы 26-сын модернизациялау керек.

Тағы оқыңыз: Балықтың қырылуынан қанша шығын келгені белгілі болды

«Тараз, Атырау, Қостанай қалаларында ағын сулар тазартылмайды», —  деді министр.

Еске сала кетсек, биыл қыста Жайық өзенінде 118 тонна балық қырылған болатын. Оның 108-і бекіре тұқымдас. Оқиғаға «Атырау су арнасы» кінәлі деп танылды.



sputniknews.kz