Ақмола облысында ұшақ құлады
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Ақмола облысында Родина ауылының маңында Ан-2 ұшағы құлады, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.
«20 маусымда сағат 10:00 шамасында Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты Родина ауылынан 10 шақырым жерде химиялық өңдеу кезінде Ан-2 ұшағы құлады. Апат салдарынан ұшқыш қаза тапты, жарақат алып, күйіп қалған экипаждың қалған екі мүшесі ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады комитеттегілер.
Ұшақ апатының себебі анықталып жатыр.
sputniknews.kz