Бақыт Сұлтановтың кандидатурасы Сауда және интеграция министріне келісілді

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Қазақстанда сауда және интеграция министрлігі пайда болады

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Мәжілісте сауда және интеграция министрі лауазымына Бақыт Сұлтановтың кандидатурасы келісілді, деп хабарлады төменгі палатаның баспасөз қызметі. 

Мәжілісте экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысы өтті. Үкімет басшысының тапсырмасымен Сұлтановтың кандидатурасын депутаттардың қарауына премьер-министр кеңсесінің жетекшісі Ғалымжан Қойшыбаев ұсынды.

«Бақыт Сұлтановтың мол тәжірибесі бар және қажетті басқару қабілеттеріне ие», — деді ол. 

Талқылаудан кейін сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындау үшін ұсынылған Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановтың кандидатурасы келісіліп, комитеттің қорытындысы қабылданды.

Тағы оқыңыз: Бақыт Сұлтанов әкім болған 9 айдың ішінде не істеп үлгерді

Сұлтанов 2018 жылдың 11 қыркүйегі мен 2019 жылдың 13 маусымына дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі қызметін атқарған болатын. Оның орнына Батыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов тағайындалды.



sputniknews.kz