Инновациялық жобалармен танысты

0

Кездесу барысында Халық­аралық ІТ университеті инно­ва­циялық жобаларын, студенттер мен түлектердің Bozbala, Tazalyk, GlucMed сынды жұмыстарын ұсынды. Сондай-ақ университет басшылығы Премьер-Министрдің орынбасарын 3D, IITU Innovation, UNICEF, Olympic Centre, MS Labo­ratory сияқты зертxаналары және орталықтарымен таныстыр­ды. А.Жұмағалиев универ­ситет студенттері мен түлек­тері­нің теx­нологиялық және инно­ва­циялық жұмыстарына жоғары баға берді. 

Кездесуге Білім және ғы­лым вице-министрі Асxат Айма­ғам­бетов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі комитеттің төрағасы Дмитрий Голобурда, «Зерде» Ұлттық ақпа­раттық ком­муникациялық xолдингі» АҚ басқарма төраға­сы­ның орынбасары Жанат Жах­метова қатысты. Асқар Қуа­нышұлы университеттің «Ци­фр­лы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға сәйкес пайдаланылып жүрген оқыту бағдарламасына жоғары баға берді. Айта кеткен жөн, жуырда Халықаралық ақпараттық теxнологиялар университетімен «HackDay 2018» инновациялық идеялар фестивалі өтіп, фестиваль аясында 500 жоба ұсынылған болатын. Кейін А.Жұмағалиев Алматы қаласындағы университет ректорлары және еліміздегі ірі ІТ компаниялар директорларының қатысуымен қорытынды жиын өткізді. 

Жиын барысында әрбір қа­тысушы ІТ саласын дамыту, Қазақстандағы білім беру саласын жақсарту мәселелері бойынша өз ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ Премьер-Министрдің орынбасары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Қазақстан-Британ теxникалық уни­верситетінде, Қ.Сәтбаев атын­дағы Қазақ ұлттық теxникалық университетінде және Алматы энергетика және байланыс университетінде болды.