Израильдегі болашақ ауылдардың біріне Трамп есімі берілді
Изриаль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху болашақта бой көтеретін елді мекенге «Трамп жотасы» деген атау беріп, 16 маусымда осыған байланысты екерткіш белгіні ашты.
Жаңа қала Израиль аккупациялаған Голан жоталарында салынады. Бұл аумақты 2019 жылдың наурыз айында АҚШ президент Дональд Трамп ресми түрде Израиль жері деп таныған. Бұл туралы құжатқа 25 наурызда Ақ үйде қол қойып жатып Трамп «АҚШ мұндай шешімді ондаған жыл бұрын қабылдауы керек еді» деген. Құжатқа қол қойған сәтте Трамптың жанында Нетаньяху болды.
Израиль лидері мұны «батыл құжат» деп, сол күнгі датаны «Голан жоталары үшін соғыста басым түскен Израиль жеңісі дипломатиялық жеңіске айналған тарихи күн» деп атады.
Дегенмен,Сирия сыртқы істер министрі Трамптың шешімін «Сирия егемендігі мен аумақтық тұтастығына сорақы шабуыл» деп атаған.
The Washington Post басылымының жазуынша, Трамп жотасының пайда болуы Израиль мен Америка арасындағы қарым-қатынастың нығаюйының бір белгісі.
1967 жылы болған алты күндік соғыста әуелде Сирияға тиесілі болған жоталарды Израиль басып алған. Кейін 1974 жылы Сирия мен Израиль бітім жасасқанынан бері БҰҰ-ның бітімгершілік күштері бақылап отырады. Ал 1981 жылы бұл аумақты Израиль аннексиалап алған, дегенмен көптеген ел Израильдің егенмендігін мойындамайды.