Нұр-Сұлтан тұрғыны Хайвилдегі дүкен сөрелерін қиратты

0

«Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым — Sputnik.  Жас жігіт «Хайвил» тұрғын үй кешеніндегі күзетшілерді пышақпен қорқытып, дүкен сөрелерін сындырған. Ол өзінің бұрынғы бастығымен жанжалдасып қалған екен.

14 маусым, жұма күні кешке үй тұрғындарының WhatsApp мессенджеріне хабарлама келген. Жазбада 1-қабаттағы супермаркетте ер адамның витриналарды қиратып жатқаны жазылыпты. Тұұрғындарға сақ болуы керектігі туралы ескертілген. 

Бұл хабарламамен бірге тұрғындарға видео да жіберіліпті.

Полиция болған жайттың мән-жайын келесі күні түсіндірді. Оқиға Қошқарбаев көшесіндегі барлардың бірінде болды, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Ер адамның ішімдік ішіп-ішпегені нақтыланбайды.

Тәртіп бұзып, тұрғындарды шошытқан адам аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Полиция қызметкерлері «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жанжал шығарған 22 жастағы жігіт уақытқа ұстау изоляторында болады.



sputniknews.kz