Мемлекеттік күзет қызметіне жаңа бастық тағайындалды
Қысқа сілтеме алу
Мемлекеттік күзет қызметінің бұрынғы бастығы, генерал-майор Ардақ Әшімбекұлы қызметінен босатылды
НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның мемлекеттік күзет қызметіне жаңа бастық тағайындады. Президент жарлығы Ақорда сайтында жарияланған.
«Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалсын», — делінген жарлықта.
Айта кетсек, Садықұлов осы қызметті 2014 жылы атқарған болатын.
Әнуар Садықұловтың өмірбаяны
Қазақстан президенті күзет қызметінің құрметті қызметкері Әнуар Садықұлов 1967 жылғы 7 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген.
©
Foto : Мемлекеттік күзет қызметінің ресми сайты
Қазақстанның мемлекеттік қүзет қызметінің жаңа бастығы Әнуар Садықұлов
1991 жылы Алматы зооветеринар институтын бітірген. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмамдаған. 1985-1987 жылдары КСРО Қарулы күштері қатарында мерзімдік әскери қызметтен өтті.
Еңбек жолы
- 1992 жылы ҚР президенті күзет қызметінің әскери қызметіне алынды. Қызметін Қазақстан президентінің жеке күзетінің әр түрлі офицерлік және басшылық лауазымдарында өткерген.
- 2006 жылы Қазақстан президенті күзет қызметі бастығының орынбасары – жеке күзет департаментінің бастығы болып тағайындалды.
- 2012 жылы Қазақстан президенті күзет қызметі бастығының орынбасары – президент қауіпсіздігі қызметінің бастығы лауазымына тағайындалған.
- 2013 жылы – Қазақстан президенті күзет қызметінің бастығы болды.
- 2014 жылы мемлекет басшысының өкіміне сәйкес ҚР мемлекеттік күзет қызметінің бірінші бастығы болып тағайындалды.
- 2014 жылғы шілдеден – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – «А» қызметінің бастығы.
Марапттары
2-ші дәрежелі «Айбын» және «Андропов» ордендерімен, 11 медальмен марапатталған.
sputniknews.kz