Тоқаевтың жарлығы: Қазақстанда екі агенттік құрылды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым — Sputnik. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екі ведомствоға бөлінді. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі болып қайта құрылды. Агенттік мемлекеттік қызмет және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасының сақталуын бақылау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган болады.

Бұдан бөлек, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрамында болған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі болып бөлініп шығады. Агенттік сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқықбұзушылықтарын анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді жүзеге асыратын құқық қорғау органы болады.

Ведомство Қазақстан президентiне тікелей бағынады және есеп береді.

Президент әкімшілігі Қауіпсіздік кеңесінің аппаратымен бірлесіп бір ай ішінде Тоқаевтың қарауына агенттіктер туралы ережелердің жобаларын және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің штат санын қайта бөлу жөнінде ұсыныстар енгізуі тиіс.



sputniknews.kz