Ресейлік әртістер астаналықтардың алдында өнер көрсетеді
Фестиваль жексенбі, 16 маусым күні сағат 13.00-де елорда саябағында өтеді
НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым — Sputnik. Ресей отандастарының этномәдени бірлестігі Нұр-Сұлтанның тұрғындары мен қонақтары үшін қаланың орталық саябағында жыл сайынғы «С Россией в сердце» ұлттық мәдениет фестивалін өткізеді, деп хабарлады Ресей ғылым және мәдениет орталығы (РҒМО).
Россотрудничествоның Қазақстандағы өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырылған фестивальде Мәскеуден келген «Тальяночка» дуэті өнер көрсетеді. «Тальяночка» дуэтінің құрамында бүкілресейлік және халықаралық конкурстардың лауреаты, сырнайшы Павел Уханов пен әнші Наталья Николаева бар.
«Дуэт Ресейдің бүкіл аумағында жеке концертін өткізіп, Ресей мәдениетін шетелде таныстыруда зор табыстарға жетіп жүр», — деп атап өтті РЦКО.
«С Россией в сердце» фестивалінің концертінде Дала өлкесі казактары одағының «Раздолье» орыс және казак әндерінің ансамблі, «Вайнах»шешен-игуш этномәдение орталығының би ансамблі, Виктор Иванов атындағы «Станичники» казак халық хоры, «Пчёлка» балалар ансамблі және «Зарница» жастар ансамбілі өнер көрсетеді. Целиноград ауданының «Малиновка» халық хоры өз бағдарламасын ұсынады.
Мереке Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің, Ресей ғылым және мәдениет орталығының және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.
sputniknews.kz