Сауат Мыңбаев «Қазақстан темір жолы» басқарма төрағасы болып тағайындалды — Ел жаңалықтары

0

Сауат Мыңбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев 1962 жылы 19 қарашада Алматы облысы Алакөл ауданында дүниеге келген. 1985 жылы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «экономист-кибернетик» мамандағы бойынша тәмамдаған, экономика ғылымдарының кандидаты.

Ол 1995-1998 жылдары ҚР Қаржы министрлігінде министрдің орынбасары, министрдің бірінші орынбасары, бірінші вице-минстр қызметтерін атқарды. 1998 жылы ҚР Қаржы министрі, 1999 жылы ҚР Президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары, 1999 жылы шілдеде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды.

2001-2002 жылдар аралығында «Қазақстанның Даму банкі» ЖАҚ-ның президенті, 2002 -2003 жылдары — «Каспий Өнеркәсіп – Қаржылық тобы» ЖШС бас директоры болды.

2003 жылғы маусымнан 2004 жылғы желтоқсанға дейін — ҚР премьер-министрінің орынбасары, 2004 жылдың желтоқсанынан ҚР Индустрия және сауда министрі, 2006-2007 жылдары «Самұрық» Қазақстанның мемлекеттік активтерін басқару жөніндегі холдинг» АҚ басқармасының төрағасы қызметін атқарды.

2007-2010 жылдары — ҚР энергетика және минералдық ресурстар министрі, 2010-2013 жылдары — ҚР мұнай және газ министрі және 2013 жылғы шілдеден бүгінге дейін «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы болды.

Мыңбаев ІІІ дәрежелі «Барыс» және «Достық» ордендерімен, медальдармен марапатталған.