Тоқаевқа қай өңірдің тұрғындары ең көп дауыс бергені белгілі болды

0

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ең көп дауысты Алматы облысының, ал ең аз дауысты Маңғыстау облысының тұрғындары берген

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым — Sputnik.  Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров президент сайлауының алдын ала қорытындысы бойынша жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген адамдардың санын өңірлерге бөліп көрсетті.

ОСК мәліметінше, Тоқаевқа ең көп дауысты Алматы облысының тұрғындары берген. Қазіргі мемлекет басшысы мұнда 949 042 сайлаушының сеніміне ие болып, 75,89 % дауысты алған. Ал ең аз дауысты Маңғыстау облысының тұрғындары беріпті. Оның кандидатурасын өңірдегі 147 495 сайлаушы (55,52 %) таңдаған.

Сонымен, Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірлерде қанша адам дауыс берді? Толық мәліметті ұсынамыз.

  • Ақмола облысы  – 314 859 дауыс 73,16%;
  • Ақтөбе облысы   – 340 979 дауыс немесе 70,62 %;
  • Алматы облысы – 949 042 дауыс немесе 75,89 %;
  • Атырау облысы – 199 718 дауыс немесе 69,24 %;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 580 457 дауыс немесе 70,89 %;
  • Жамбыл облысы – 401 133 дауыс немесе 69,73%;
  • Батыс Қазақстан облысы – 213 603 дауыс немесе 73,69 %;
  • Қарағанды облысы – 501 947 дауыс немесе 70,12 %;
  • Қостанай облысы – 357 633 дауыс немесе 73,17 %;
  • Қызылорда облысы – 299 192  дауыс немесе  75,35%;
  • Маңғыстау облысы – 147 495 дауыс немесе 55,52 %;
  • Павлодар облысы –   327 277 дауыс немесе 73,39 %;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 232 284  дауыс немесе 72,75 %;
  • Түркістан облысы –   720 855 дауыс немесе 72,21 %;
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 268 019  дауыс немесе 59,19 %;
  • Алматы қаласы –  392 167дауыс немесе  66,73 %;
  • Шымкент қаласы  –  257 394 дауыс немесе 67,11 %.



sputniknews.kz